in

«Мұғалім емес, сайқымазақ болдың ғой»: TikTok-та танымал болған директор қызметтен неге кеткенін айтты

TikTok-та танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшіліктің сынынан кейін үзіліс керек болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жақында қызметінен кеткен экс-директор осы сәтте өзіне қолдау білдірген оқырманға алғыс айтты. Сонымен қатар ол жаңа бағытта жұмыс жүргізетінін жеткізді.

«Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін. Сол уақытта мен сіздердің қолдауларыңызды шын сездім. Күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім. Бұл – менің миссиям. Ұстаздың жанын түсіну, демеу болу, шабыттандару. Оқушыны шынайы тыңдап, үнін есту. Ата-анаға бағыт беру. Жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату. Бәрі бұрынғыдай көрінгенімен, Көп нәрсе өзгерді… Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады… Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол күйі. Рақмет сенімдеріңізге, мені қолдағандарыңызға. Қайта әлеуметтік желіге оралуыма себеп болған – дәл сіздер!» – деп жазды ол.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Akmonshak (@aqmonshaq_nurtaza)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.