27 шілде күні таңертең Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ агенттігі.
Орталықтың мәліметінше, Каспий теңізіндегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 болды.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 05:46-да (Астана уақытымен 07:46-да) тіркелген. Сілкініс 68 шақырым тереңдікте, Гала стансасынан 76 шақырым солтүстік-шығыста болған.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда, Қазақстан шекарасына жақын маңда да жер сілкінісі тіркелген еді. Ол кезде зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан 38 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.