in

Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінде ұшуға толық тыйым салынды

Еліміздің Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасына сәйкес, шектеу шаралары  отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты.

«Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады.

ҚР Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер және туроператорлармен тұрақты байланысып отыр. Қажет болған жағдайда Министрлік Туристік Қамқормен және әуекомпаниялармен бірлесіп туристерді қайтаруды қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.