in

“Жылап келді”: Депутат Ермұрат Бапи екі қызының да шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққанын айтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қос қызының шетелдік азаматтармен отбасын құрғаны жайлы айтып, бұл жағдайға өзін кінәлі санайтынын жасырмады.

Оның айтуынша, қыздары шетелде білім алғаннан кейін елге бейімделе алмаған.

“Шетелде оқыған соң сол жақта қалып қойды. Елге келгенде қоғамға сіңісе алмады. Теңін таба алмады. Мен бірін Америкадан арнайы шақырттым. Жолдасыма ұқсап жұмысқа орналастырып, жақсы табысқа жеткіздім. Бірақ екі рет махаббаттан таяқ жеп, жылап маған қайтып келді. Екеуі де шетелдік азаматтарға тұрмысқа шықты”, – деді депутат.

Ермұрат Бапи бұл жағдайға өзі де себепкер екенін айтып, ішкі өкінішін білдірді.

Ермұрат Бапи – Қазақстандағы танымал журналист, қоғам қайраткері және қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің депутаты. Ол 1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.