Жезқазғанда бизнесті криминалдық бақылауға алу әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында және жастардың қылмыстық ортаға тартылуының алдын алу мақсатында Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жезқазған қаласының екі тұрғынын ұстады.
Олар соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.
Аталған азаматтар шағын және орта бизнес нысандарын бақылауға алуға тырысып, күш қолданып, 6 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Тергеу барысында заттай айғақтар тәркіленді.
«Полиция құқық бұзушылықтың алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден “102” нөміріне хабарласуға шақырады», – делінген полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.