in

Енді елдегі дәрі-дәрмектерді таңбалайтын болды

Үкімет 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты, қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, міндетті таңбалау енгізілетіні анықталды.

Енді әрбір дәрінің қаптамасында цифрлық код болады. Сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын және оның жарамдылық мерзімін тексеруге мүмкіндік туады.

Қаулы 2024 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа еніп, 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.