in

“Екі жүрек, бір үміт”: Абай Бегейдің екінші әйелімен түскен суреті жұртты сүйсінтті

Өнер иесінің жұбайы Фариза Instagram желісіндегі ресми парақшасында жолдасымен бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Суреттер астында мыңдаған лүпіл мен жылы лебіздер қалдырылған. Пікір жазушылар ерлі-зайыптының жарасымды жұп екенін айтып, оларға махаббат пен баянды бақыт тіледі.

“Сендер – екі жүрек, бір үміт, бір арманның иесі”, “Махаббаттарыңыз мәңгі болсын!”, “Бақытты болыңыздар, көз тимесін!” – деген секілді жүрекжарды тілектер жаудырған.

Сонымен қатар желі қолданушылары Фаризаның отбасына деген қамқорлығын, мейірімділігін ерекше атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.