Евгений 22 жаста. Ол достарымен алкоголь ішкенде, ақша жетпей, қылмыс жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жеңіл ақша іздеген Евгений дүкен тонауға шешім қабылдаған. Осылайша сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір жазасын Қостанай облысының ҚАЖ мекемесінде өтеп жатыр.
Бүгінде Евгений бостандықтың құндылығын оны жоғалтқан кезде ғана түсінгенін айтады. Ол жастарға өзінің қателігін қайталамауға және жақын адамдарын барында бағалауға шақырады.
«Бір асығыс қадам бүкіл өміріңді өзгертіп жібереді. Сізге жақын адамдардың да бостандығын қорғаңыз», – дейді Евгений.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚР ІІМ ҚАЖК/ КУИС МВД РК (@kuis_kz)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.