Бұл жобаның басты мақсаты – заңды бұзудың зардаптары туралы ескерту жасау, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сотталғандар өздерінің қылмыстық жолы, бас бостандығынан айыру орындарындағы қиындықтар және жасаған істеріне өкініп, сол әрекеттері туралы ойланған сәттері жайында әңгімелейді.
Жеке терапия кезінде сотталғандардың көпшілігі жасаған ісіне қатты өкінетінін, бостандықтан айырылғанына қиналатынын және әсіресе жақындарына келтірген қайғы үшін уайымдайтынын айтады. Олар бұл туралы ашық айтып, басқаларға да жеткізуге келіскен. «Бостандықтағы әр минутты бағалау керек», – деп есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өз өкінішін білдіреді.
Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді.
Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түсіп қалған. Туған-туысы жоқ, балалық шағы балалар үйінде өткен. «Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын. Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді, – дейді ол.
Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.
Жобадағы бейнероликтерде сотталғандар жастарға үндеу жасап, бостандықты қадірлеуге, болашағын ойлауға және ойланбай жасалатын әрекеттерден сақ болуға шақырады. Жобада ер адамдар да, әйелдер де, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде отырған кәмелетке толмағандар да қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.