in

“Бейтарап көзқарас” жобасы іске қосылды

“Бейтарап көзқарас” – бұл қылмыстық-атқару жүйесіне шынайы әрі ашық тұрғыдан қарауға бағытталған республикалық жоба.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен іске қосылған жоба нақты оқиғаларды, шынайы кейіпкерлерді,
 жүйедегі нақты өзгерістерді көрсетеді.

Жобаның ерекшелігі – жазаны өтеу процесін көруге мүмкіндік береді. Ол пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің күнделікті еңбегімен жақын  танысуға жол ашады. Ең бастысы,  бұл бастама адам түзеліп, жаңа өмір бастай алатынын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.