Продюсер Баян Алагөзова Астана әуежайында болған оқиғадан кейін сынға қалған әнші Жұбаныш Жексенді ашық қолдады,- деп хабарлайды Аikyn.kz janabastau.kz-ке сілтеме жасап.
Алагөзова Instagram парақшасында әншіні рұқсатсыз түсіргендерді сынға алып, бұл оқиғада асығыс пікірлердің көп, ал адами түсіністіктің аз екенін айтты.
«Бәріміздің де шаршап, ашулы кездеріміз болады. Танымал адамдар да – адам. Оларды робот секілді көруге болмайды. Қателесті ме? Иә. Бірақ ол шын жүректен өкінді ғой», – деді Алагөзова.
Сонымен қатар продюсер танымал тұлғалардың жеке шекарасын бұзатын адамдарды жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.