in

Атырауда 25 адамға жалған келісіммен 313 миллион теңгеге пәтер сатқан ЖШС директоры сотталды

«Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтер сатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылғы 23 қазанда Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компания да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақытылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.