1 шілде күні сағат 21:00 шамасында Құрманғазы ауданында ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнында жасөпірім қаза тапты.
7 шілдеде сағат 19:35 шамасында Құлсары қаласында ПАЗ 3204 және мопед көлік құралдары соқтығысып, салдарынан жасөспірім қаза тапты. 14 шілде күні сағат 23:48 шамасында Мақат ауданы Доссор поселкесінде жасөспірім басқарған мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қаққан. Нәтижесінде, жаяу жүргінші ауруханада қаза тапты.
15 шілде күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 814 шақырым тұсында Toyota және EXEED автокөліктері соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза болды.
20 шілдеде сағат 23:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 496 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі түйе малына соқтығысып, жолаушысы қаза болды.
28 шілде күні сағат 23:09 шамасында Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылында Лада 21713 автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жаяу жүргіншіні қаққан. Салдарынан жаяу жүргінші ауруханада қаза тапты.
30 шілдеде сағат 20:45 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 624 шақырым тұсында Газ және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде Toyota Alphard автокөлігінің жасөспірім жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
“Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Адам өліміне әкеліп соқтыратын жол апаттарының көбеюі – үлкен қайғы ғана емес, сонымен қатар заң алдында жауапкершілік жүктейтін ауыр құқықбұзушылық екенін ұмытпаған жөн. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік, яғни 5 жылдан 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз. Барар жеріңізге аман-сау жетіңіз, жолда абай болыңыздар!”, – делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.