Астанада 29-30 қараша күндері кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңке Keryen Joly сауда орталығының автотұрағы аумағында (Алаш тасжолы, 35Б) ұйымдастырылады.
Сондай-ақ осы күндері сауда орталығында астаналықтар арасында танымал қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Онда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және т.б. сатып ала алады.
Жәрмеңке әр демалыс сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қонақтардың ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобус жүреді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.