Астанада Алаш тасжолының 69 көшесінен 191 көшесіне дейінгі аралығына жол жабынының жоғары қабатын салу жұмысы жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.