Оны тамашалауға он мыңнан астам адам жиналды. Отандық ұшқыштар мен үздік парашютшілер көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады,- деп хабарлайды Аikyn.kz 24kz- ке сілтеме жасап.
Байсерке аэродромында ашық аспан астындағы авиациялық техника мұражайы мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сабағы өтті.
Авиаторлар шағын спорттық ұшақтармен, сондай-ақ Ми-2 тікұшағымен жоғары пилотаж және парашютпен секіру үлгісін көрсетті. «Байсерке Аспаны» Орталық Азия елдері аумағында ұйымдастырылатын жалғыз авиашоу.
Ұйымдастырушылар келесі жылы халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.