in

Алматыда 5-санатты өрт қаупі жарияланды

Жыл басынан бері қалада 300-ден астам құрғақ шөп жану оқиғасы тіркелген. Кейбірі таулы аймақтағы өртке ұласып, тұрғын үйлерге қауіп төндірген.
Қазір қала маңындағы 104 шақырым аумақта шөп шабу және тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар тұрғындарға қураған шөбі бар жерлерде:

 от жақпауға;

 темекі шекпеуге;

 қураған шөпті өртемеуге кеңес береді.

Электр желісін шамадан тыс жүктемеу және балаларды көлікте жалғыз қалдырмау да ескертілді.

Қасақана өрт қойғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.