Әлеуметтік желіде Алматы қаласында студент қыз 14-қабаттан құлап, қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы жағдай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болғаны айтылып жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың қаза тапқанын растады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болған. Азаматтарды расталмаған ақпарат таратудан бас тартып, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.