in

Алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Біраз уақыттан кейін тиісті қорытынды жасамай, ол өз міндеттерінен жалтаруды жалғастырып, биылғы жылы қарыз 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Сонымен бірге, сот 2025 жылдың 30 қаңтарында борышкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Осылайша, заңсыз кәсіп ұйымдастыруға қаражаты бар борышкер әдейі алимент төлемеген.

Осыған байланысты Панфилов ауданының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот талқылауы барысында борышкер 1 миллион теңге сомасындағы берешекті ішінара өтеді, сот үкімімен кінәлі танылып бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.