in

«Әйелдің алдында мен мықтымын» деу бос әңгіме – Тоқтар Серіков

Отандық жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Седуәлиева 7 арнадаға «Сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасылық өмірлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сұхбат барысында әнші Тоқтар Серіков ер азамат тарапынан әйелге деген құрметтің қандай болу керектігін айтып, өз ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ ол жары Бейбітсіз тіпті қара шайдың да батпайтынын атап өтті.

«Маған шайды Бейбіт құйып бермесе, батпайды. Өзінің әйеліне еркелей білетін еркектер, ол меніңше әбестік емес, тіпті әлсіздік те емес. Ер жігіт мықтылығын, тектілігін көрсеткісі келсе, басқа жерде көрсетсін. Ел үшін, жұрт үшін көрсетсін. «Әйелдің алдында мен мықтымын» деу бос әңгіме. Әйелді бала туу үшін алмайды, болмаса бір рахатқа бату үшін алмайды. Әйел деген ер азаматтың елу пайыз жартысы ғой былай айтқанда», – деді ол.