in

Құқыққа қазық болған қағидат

«Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы орган арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқықбұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады», – деді Мемлекет басшысы.

Профилактикалық әңгіме жүргізу рейді

Міне, осы «Заң және тәртіп»  қағидасы аясында Қарағанды облысында жүздеген іс-шара өтті. Соның бірі – жүзден астам от­басына барып, профилак­тикалық әңгіме жүргізу рейді. Құқықбұзу­шылықтардың алдын алу және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету мақса­тында полицейлер, депутаттар, әкімдік өкілдері мен жастар бел­сен­ділері күш біріктірді. Іс-шара Қарағанды облысының полиция департаменті және прокура­тура­сының бастамасымен ұйымдасты­рылды.

Негізгі назар құқықбұзу­шы­лық­тардың алдын алуға, есепте тұрған тұрғындарды тексеруге және әлеуметтік осал отбасылар­дың тұрмыс жағдайын бағалауға аударылды.

Қарағанды облысы ПД басты­ғы­ның орынбасары Жасқайрат Қайыров міндеттерді айқындап, ведомствоаралық өзара іс-қимыл­дың маңыздылығын атап өтті.

– Биыл заңнамаға профилак­тикалық жұмысты күшейтуге ба­ғыт­талған өзгерістер енгізілді. Қыл­­мыстың алдын алу – тек поли­цияның ғана емес, барлық мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам институттарының міндеті. Бұл рейд – осындай бірлескен жұ­мыстың айқын үлгісі. Алдағы уақытта бұл тәжірибе жалғасын табады, – деді ол.

Ведомствоаралық рейдке қа­ты­су­шылар 20 топқа бөлініп, Қазы­бек би және Әлихан Бөкей­хан атындағы аудандарға бағыт алды. Қатысушылар есепте тұрған отбасыларға барып, әлеуметтік осал санаттағы тұрғындармен кез­десті, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді талқылады. Қажет болған жағдайда заң нормаларын түсіндіріп, бейінді қызметтерді тартты. Барлығы жүзден астам мекенжай тексерілді.

Әлихан Бөкейхан аудан­ын­дағы рейдтердің бірі жедел сигнал бойынша ұйымдастырылды: кә­ме­летке толмаған балаларды қа­рау­сыз қалдырған әйел туралы ха­бар түскен. Рейдтік топ оқиға ор­нына полицейлермен бірге барды. Ананың жеке басы анық­талып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ескерту жасал­ды. Рейдке қатысушылардың бірі – қалалық мәслихат депутаты Равиль Садыков  аталған отбасын патронажға алатынын және бала­лар­ды мектепке дейінгі мекемеге ор­наластыру мәселесін шешуге жәр­демдесуге дайын екенін мә­лім­деді.

Мұндай формат алдағы уа­қыт­та да қолданылмақ. Себебі ол вед­омстволар мен тұрғындар ара­сында тікелей байланыс орнатуға, мәселелерге жедел әрекет етуге және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Жастар және заң: дұрыс таңдау – жарқын болашақ»

Қарағанды қаласының Қазы­бек би атындағы аудан прокура­турасы «Жасөспірімдер арасын­дағы құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы» акциясы аясында «Жас­тар және заң: дұрыс таңдау – жарқын болашақ» тақырыбында интеллектуалдық квиз-ойын ұй­ым­дастырды. Іс-шараға аудан мектептері мен колледж­дерінің оқу­шылары белсенді қа­тысты. Бағ­дарлама жастардың қатысуы­мен өткен әсерлі флеш­мобпен ашыл­ып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Квиз-ойын­ның басты мақсаты жасөс­пірім­дердің құқықтық сауатты­лығын арттыру, заңға және құ­қық­тық тәртіп қағидаттарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ кәме­лет­ке толмағандар арасындағы құқықбұзушы­лық­тар­дың алдын алу болды. Интел­лек­туалдық сайыс барысында қа­тысушылар заңнама, азаматтар­дың құқық­тары мен міндеттері жөнін­дегі білімдерін сынға салды. Түрлі сұрақ пен тапсырмалар ар­қылы олар өз ойларын ортаға салып, құқықтық тақырыптарды тереңі­рек түсінуге мүмкіндік алды. Соны­мен қатар іс-шара аясында күнделікті өмірде заң та­лап­тарын сақтаудың маңыз­дылы­ғы кеңінен талқыланды. «Заң және тәртіп» қағидаттарына негіз­делген саналы өмірлік ұстанымды қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аудар­ыл­ды. Ұйымдастыру­шылар жас­тарды жауапкершілік­ке, заң талаптарын қатаң сақтауға және заңға бағы­натын мінез-құ­лық­ты таңдауға шақырды. Іс-шара белсенді әрі танымдық форматта өтіп, жасөс­пірімдер арасында құқықтық мә­дениетті дамытуға және азаматтық жауап­кершілікті арттыруға өз үлесін қосты.

Құқықтық сауаттылық сабағы өтті

Қарағанды қаласындағы №19 мектепте полиция департамен­тінің бастамасымен құқықтық сауат­тылық сабағы өтті. Жоғары сынып оқушыларымен облыстық полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмагулов және қызмет басшылары кездесті. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясы мен «Қол­жетімді полиция» бағдарла­масы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу басталар алдында Нығ­мет Исмагулов мектептің қау­іп­сіз­дік жүйесін тексерді. Оның ішінде бейнебақылау ка­мера­ларының жұмысы және олар­дың Жедел басқару орталығымен ық­пал­дас­тырылуы қаралды. Оқу­ш­ы­лардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету мәсе­лесіне ерекше назар аудар­ылды.

Мектептің акт залында құқық­тық сауаттылық сабағы өтті. Оған 8-11 сыныптардың 400-ден астам оқушысы жиналды. Полицейлер жасөспірімдер үшін өзекті тақыр­ыптар – буллинг пен кибер­бул­линг, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік, сондай-ақ кә­ме­летке толмағандардың қылмыс­тық жауапкершілігі туралы айтты.

– Заңды құрметтеу – бұл өз құқықтарыңды қорғау және өз іс-әрекеттерің үшін жауап­керші­лік алу. Сіздер – еліміздің бола­шағысыздар, ал оның өркендеуі сіз­дердің шешімдеріңізге байлан­ысты, – деді Нығмет Исмагулов.

Департамент өкілдері мектеп оқу­шылары­ның сұрақтарына жауап беріп, өз қызметтерінен нақты мысалдар келтірді. Кездесу құқық пен жау­ап­кершілік туралы білімді бекітуге арналған интер­активті виктори­намен аяқталды.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

Теміртау қаласында Қара­ған­ды облысы полиция департа­ментінің бастығы Нығмет Исма­гулов­тың облыс тұрғындарына есептік кездесуі өтті. Ашық әрі мазмұнды форматта өткен жиын­да ведомство басшысы полиция қызметінің негізгі нәтижелерін қоры­тындылап, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды ай­қындап, тұрғындардың сұрақта­ры­на жауап берді. 

Кездесуді ашқан Нығмет Исмагулов ішкі істер органдары үшін басты міндет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олар­­дың өмірі мен денсаулығын, мүлкін қорғау екенін атап өтті. 

–  Бұл бағыттағы жұмыс Мем­лекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылып кел­еді. 2025 жылдың қорытын­дысы бойынша өңірде қылмыс деңгейі 5 пайызға төмендеді. Атап айтқанда, кісі өлтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық және өзге де құқық­бұзу­шылықтар саны азайды. Соны­мен қатар қоғамдық орын­дар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың қысқаруы тұрғын­дардың қауіпсіздік деңгейінің артқанын көрсетеді, –  деді деп­артамент басшысы. 

Кездесу барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәсе­лесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылы мұндай құқықбұзу­шылықтардың саны 2,5 мыңнан асты. Олардың алдын алу мақса­тында «Антифрод-орталық» жұ­мысы жолға қойылып, заңсыз интернет-ресурстарды бұғаттау, алаяқтық қоңырауларды анықтау секілді заманауи тәсілдер енгіз­ілді. Қабылданған шаралардың нә­тижесінде, 2026 жылдың бірін­ші тоқсанында интернет-алаяқ­тық 23 пайызға төмендеді. Есірткі қылмысына қарсы күрес бағыт­ында бір жыл ішінде заңсыз айна­­лымнан бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, бірнеше нар­ко­лабо­ратория жойылды. Бұл ретте син­тетикалық есірткілердің таралуы алаңдаушылық туғызуда. Осыған байланысты жастар ара­сын­да ал­дын алу және түсіндіру жұ­мыстары күшейтілуде. Кәме­летке толма­ған­дар арасындағы құқықбұзу­шы­лықтардың алдын алу да басты назарда. Өңірде жас­өспірімдермен және қолайсыз от­ба­сылармен жүйе­лі жұмыс жүр­гізіліп, бала­лар­дың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу шаралары қабыл­дануда. Тұр­мыстық зорлық-зом­бы­лықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Есепті кез­еңде 7,5 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылып, жәбір­ленушілердің қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік берілді. Жол қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған Нығмет Ис­магулов өңір­де 1300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Осыған байланысты құқықбұзу­шы­лықтарды анықтау, сондай-ақ орташа жылдамдықты тіркеу жүйе­лерін енгізу бойынша жұ­мыс­тар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қоғамдық қауіпсіз­дікті қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Бүгінде облыс аумағында 86 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған, бұл құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысында ведомство басшысы қауіпсіздік тек полицияның емес, бүкіл қо­ғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтіп, азаматтарға бел­­­сенді азаматтық ұстанымы үші­н алғыс білдірді. Салтанатты жағ­дайда құқық қорғау орган­дарына көмек көрсеткен аза­мат­тар ма­рапатталды. Олардың қа­тар­ында 2 сәуір күні Абай қа­ла­­сында жо­ғал­ған баланы тауып, оның та­былуы­на елеулі үлес қосқан Әділ­жан Дауренбеков бар. «Біздің басты мақса­тымыз – Қарағанды облысының әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз сезінуі», – деп атап өтті Нығмет Исмагулов.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы