Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева оырмандарына екі бірдей ауыр хабар келгені туралы айтып, жан сырын ақтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтыскердің айтуынша, оның Instagram-дағы парақшасын хакерлер бұзып тастаған.
“Бір сәт! Өмір деген қызық, иә… Арғы күні ғана инстадан жарқырап шығып, ертең керемет хабар айтамын деп отырған едім. Ертесіне оянсам, инстаграмым жоқ. Хакерлер бұзып тастапты. Үлкен проект бастағанбыз, бүкіл масштабқа шыққан мықтыларды жинағанбыз, 100 миллионнан аса қаржыны жұмсап тастағанбыз. Парақша жоқ. Проект далада қалды. Хакерлерге шықтық. Парақшаны қайтару құны 1-3 миллионның арасында деді. 2013 жылдан бері 4 миллион 1 жүз мың оқырман жиналған екен. Қанша Аллаға тапсырдым десем де, жүрек құрғыр дүрсілдеп, жылағым келді. Бұл да бір отбасым еді ғой деген қимастық жанымды ауыртқаны рас”, – деп жазды ол.
Сөз соңында айтыскер ақын марқұмға өлең арнады.
“Таба алмай қапияда күн мен айын.
Қайғыға батып отыр күллі ағайын!
Жырымен бар адамды құшақтаған,
Бақұл бол, асыл құрбым, Құрманайым”, – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.