Оқиға барысында SUP-бордпен сырғанаған балаларды қатты жел мен ағыс алыстатып әкеткен. Балалардың ата-аналары бірден құтқарушыларға хабарласқан. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Құтқарушылар балаларды аман-есен жағаға алып шықты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай ескертулерді сақтау қажеттігін еске салады:
Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
Қайықпен, катамаранмен және SUP-бордпен сырғанағанда құтқару кеудешелерін қолданыңыз;
Ауа райы жағдайын және желдің екпінін қадағалаңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.