in

«Біз қандай ұрпақтың ата-анасымыз?!»: танымал блогер жасөспірімдердің қазасына алаңдаушылық білдірді (видео)

Блогер Мөлдір Анарбаева Жамбыл облысында көз жұмған оқушыларлың өліміне қатысты мәселеге алаңдаушылық білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол ата-аналарды баламен көбірек сөйлесуге, кіммен бірге жүргеніне көңіл бөлуге шақырды.

«Жамбыл облысында соңғы күндері оқушылар арасындағы қайғылы жағдайлар көбейіп тұр.  1 қыркүйектен бері өңірде үш жасөспірім көз жұмды: Шуда футболдан кейінгі төбелес салдарынан, тағы бірі колледжде студенттер арасында пышақталды, күні кеше дәретханадағы төбелестен қыршын кетті. Басты себеп – отбасымыздағы тәрбиенің жоқтығы. Көп жағдайда ата-аналар өз баласын қылмыс жасаған күннің өзінде қорғауға дайын, мақұл ол заңды шығар…  Дегенмен балалармен сөйлесейік!  Таңның атысы кештің батысы тынбай істеген жұмысың не керек, егер балаң осындай болып жатса?! Біз қандай ұрпақтың ата-анасымыз?! Олар неге сонша қатыгез?! Бұл не сұмдық?!  Айналайындар! Бір сәт сөйлесіңдер! Досы кім, не істеп жүр, мінезі қандай?! Мына түрімізбен болашаққа қалай сенеміз?!», — деп жазды блогер.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Анарбаева Мөлдір Нұрланқызы (@moldir_anarbaeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.