Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында жолдасымен серуендеп жүрген сәтінен бейнежазба жариялап, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
Видеода өнер иесі мен оның жұбайы АҚШ-тағы саябақтардың бірінде серуендеп жүргені бейнеленген.
Айгүл Иманбаева жазбасында: «Біз, тек қана біз» деген қысқа әрі әсерлі сөзді қалдырған.
Бұл жазба желі қолданушылары тарапынан ерекше жылы қабылданып, пікірлер қарша жауды. Желі қолданушыларының көпшілігі өнер иесінің жеке өміріндегі бақытты сәтіне шын жүректен қуаныш білдірді:
“Махаббаттарыңыз ақыреттік болсын, Айгүл апай, Ерлан аға”, “Біреудің бақытына қуанған – ол да бір бақыт. Бақытты болыңыздар”, “Енді тапты бақытын. Айгүл, бақытты болуға әбден лайықтысың”, – деді желі оқырмандары
Сонымен қатар кей пікір иелері жастық шағында қиындықты көп көрген әншіге өмірінің екінші жартысында бақ пен махаббат келіп жатқанына риза екендерін білдіріп:
“Жастық шағы жалғыздықта өтті. Өмір қосағыңмен қызық. Бақытты болыңдар!”, – деп жазған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.