Latest stories

  • in

    Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді

    25 ақпанға қараған түні Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер кілті берілді. Жаттықтырушыға сыйлықты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы берді. Еске сала кетейік, Софья Самоделкина… More

  • in

    Олжас Бектенов диқандарға жеңілдетілген несие беру рәсімін оңайлатуды тапсырды

    Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығын дамыту және бақылауда ұстау мәселесіне баса назар аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізудің дайындық мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді:   Несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсырмай, цифрлы нұсқаға көшу Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Цифрлық даму министрлігмен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, диқандарға… More

  • in

    ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға пәтер сыйлады

    Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Фаина Мейірманова өткен жылдың қараша айында Токио қаласында өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру сайысында ол 1,79 метр нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, жарыс рекордын жаңартып, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Сурдлимпиада ойындары – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ең ірі… More

  • in

    «Ауыл аманаты»: Қызылордалық кәсіпкер заманауи технологиямен ауылда балық өсіріп отыр

    Қызылорда облысы Талсуат ауылында «Хан Бекіре 11» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің иесі Ғалымжан Нагиев жасанды жолмен балық өсірумен айналысып отыр. Аталған балық шаруашылығы «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2025 жылдың қыркүйек айында 31,4 миллион теңгеге қаржыландырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Бүгінде 175 мың уылдырықтан болатбас албырттың (стальноголовая форель) шабақтары бассейнге жіберіліп, қазір бейімдеу кезең… More

  • in

    Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанға келеді

    26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. More

  • in

    Танымал кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

    Кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа көлік сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың спорттағы жетістігін атап өтіп, ұлына қолдау көрсеткен әкесіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Станислав Шайдоров спортшы ұлына көмектесу үшін көлігін сатқанын ерекше атап өтті. «Мен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, оның алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа Audi… More

  • in

    «Странджа» турнирі: Қазақстан боксшыларының нәтижесі қандай?

    23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирінің кешкі сессиясын жастар арасында әлем чемпионы Санжарали Бегалиев түйіндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 80 келідегі отандасымыз 1/16 финалда Бразилия өкілі Кауэ дос Сантос Белинимен жолықты.  3 раундқа жалғасқан бразилиялық боксшы өз айласын асырып кетті. Есеп: 0:5.  Бокс федерациясы мәліметінше, осылайша, Болгариядағы бәсекенің бірінші күнінде 10 отандасымыздың… More

  • in

    Алматыда кино майталмандарына арналған мерейтойлық көрме ашылды

    Экспозиция Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына  және  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шара  аясында қазақ өнерінің дара тұлғасына арналған «Кәукен Кенжетаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек – архив деректеріне негізделген, өнер иесінің шығармашылық жолын,… More

  • in

    «Қасиетті айда сүйіктісіне сөз салды»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығын жеткізді

    Тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. Айтуынша, ұлы Даниял сүйіктісіне сөз салған. Ене атануға дайындалып жүрген тележүргізуші енді Астанадан көп қонақ сыятын мейрамхана іздеп жатқанын айтты. «Қасиетті айда Даниял сүйіктісіне сөз салды», – деп жазды ол.  Сонымен қатар ұлы әскерде жүргенде болашақ келінін жақын танығанын атап өтті. Сол… More

  • in

    «Хейтерлерге арнаймын…»: Ерболат Құдайберген жаңа ән шығарды (видео)

    Әнші Ерболат Құдайберген жаңа әні жарыққа шыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. Ән «Ләтір-ләй» деп аталады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әнін хейтерлеріне арнағанын жеткізді. “Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақкөңіл, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз. “Ләтір-ләй” хейтерлер мен көз жеткізбестен менің атыммен видеоны шығарып отырған парақшалардың иелеріне арнаймын”, – деп… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top