Latest stories

  • in

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінде финалға шықты

    Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Алғашқы жарыс күні төрт отандасымыз ел намысын қорғады. 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев финалға өтті. Ол жартылай финалда Давид Гарсия Торнені (Испания) жеңді. Осылайша, Нұрқанат финалда Туран Байрамовпен (Әзербайжан) белдеседі. Ал Талғат Орынбасар 60 келіге салмақтың жартылай финалында Ицхак… More

  • in

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті. Нұрқанат алтын медаль үшін өткен белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовты жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медальға ие… More

  • in

    Сәтбаев университетінің студенттері экологиялық бастаманы жаңа деңгейге көтерді

    Университет аумағында өткен ауқымды экологиялық акция барысында жастар ағаш отырғызып, тұрақты даму қағидаттарын қоғам өміріне енгізудің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл – жаңарудың символына айналған мерекенің мәнін терең түсінген буынның болашаққа жасаған нық қадамы. Шараға SDG Satbayev студенттік ұйымының мүшелері ұйытқы болды. Жақында құрылған бұл ұйым тұрақты даму идеясын кеңінен насихаттауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және жастардың… More

  • in

    Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовaдан кешірім сұрады (видео)

    Әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Майра Ілиясовaдан кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz. Өнер иесі «Әңгіме бар» подкастында екеуінің арасында болған түсініспеушілік туралы айтты. Даудың басты себебі халықтан жиналған қаражаттың есебіне қатысты болған. Бірақ оны екінші тарап дұрыс түсінбеген. Әнші қазір өткенге сабырмен қарайтынын жеткізді. «Бұл өмір ғой. Мен де принципте тұрып алдым. Негізі Майра апай… More

  • in

    Актер Асқар Жұмабектің тағы басы дауға қалды (видео)

    Әлеуметтік желіде актер Асқар Жұмабектің жанжал шығарғаны туралы ақпарат тарады , – деп жазды Aikyn.kz insta_juldyzdar_kaz парақшасына сілтеме жасап.  Жәбірленуші қыздың айтуынша, оқиға 20 наурыз күні таңертең түсірілім алдында болған. Ол актер бұған дейін бірнеше рет түсірілімге кешігіп, кейде мүлде келмей қалғанын айтып, сол күні оны ертерек оятуды сұрағанын жеткізді. Осыған байланысты қыз сағат 8:30-дан… More

  • in

    Әнші Қуандық Рахымның анасы өмірден өтті

    Әнші Қуандық Рахымның анасы өмірден өтті, – деп жазды Aikyn.kz. Қайғылы хабарды өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Әнші өмір өткінші екенін айтып, жантебірентер жазба жариялады. “Жаның жәннатта шалқысын, анашым. Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі оған қайтушымыз”, – деп жазды ол. Желі қолданушылары мен әріптестері әншіге көңіл айтып жатыр. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті… More

  • in

    Мәскеуде Наурыз мерекесі тойланды

    Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ВДНХ аумағындағы «Қазақстан» павильонында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Іс-шараға қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты. Қазақстанныңқ студеегі Елшісі Дәурен Абаев Наурыздың жаңару… More

  • in

    Министрлік ұшақта жүкті әйелді құтқарып қалған дәрігерге алғыс білдірді

    Батыс Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов Астанадан Оралға ұшып бара жатқан ұшақ бортында толғағы басталған жүкті әйелге медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Кеше Астана–Орал рейсінде ерекше жағдайға тап болдым. Ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасындағы әйелде мерзімінен бұрын босану басталды. Суы кетіп, жедел түрде медициналық алғашқы көмек көрсетуге тура келді. Мұндай сәттерде дәрігер… More

  • in

    «Осы бақытымнан Құдай айырмасын!»: Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жариялады

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. Ол кенже ұлын туған күнімен құттықтап, аналық тілегін жеткізді. Сонымен қатар ұлы мен келінінің тату отбасы екенін атап өтті. «Бүгін менің кіп-кішкентай жүрекшем Заңғарымның туған күні! Келінім Индиркам екеуі, қол ұстасып, ыстық жанұясында, үлкен әулетті отбасына айналып, ауызбіршілігі мол болып, үміт арқан ата-ана, біздерді… More

  • in

    Тұман түсіп, көктайғақ болады: 20 наурызға ауа райы болжамы

    Қазгидромет 20 наурызда ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Астанада 20 наурызда тұман түсіп,… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top