Latest stories

  • in

    Ертең Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды

    Ертең Астанада оқушылар мен студенттер онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті. Басқарма мәліметінше, ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. «2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне ) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына… More

  • in

    12 наурызға валюта бағамы

    ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 12 наурызға валюта бағамы: USD / KZT — 489.39  (АҚШ доллары) EUR / KZT — 567.99  (Еуро) RUB / KZT — 6.19 (Ресей рублі) CNY / KZT — 71.28 (Қытай юані) GBP / KZT — 657.98 (Фунт… More

  • in

    «Алла үшін кештім…»: Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

    Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтып, жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. Өнер иесінің айтуынша, бұрынғы күйеуі кешірім сұрап, ұлына қамқор болатынын жеткізген. «Махаббат… Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін ол маған өзі хабарласты… Өткен-кеткенге кешірім сұрады… Балаға әке болып, қамқор боламын деді… Толық шығынын өз мойнына алатынын айтты… Алименттен алып тастауымды… More

  • in

    «Бес баладан 501 роза»: Мөлдір Мұқан мерекеде ерекше сыйлық алды (видео)

    Продюсер Мөлдір Мұқанға балалары қуаныш сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz. Балалары анасының ең мейірімді жан екенін атап өтіп, ізгі тілегін жеткізген. «Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір анашымның қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз. Мамамыз біздің, жарық жұлдызымызсыз, сонымен қатар қарапайым мейірімді дана анамызсыз. Сіздей ананың баласы болған біздер бақыттымыз…. More

  • in

    Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

    ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  «2026 жылғы 11 наурыз сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналып өтуі — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910 — 1103 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының… More

  • in

    Ақтөбе облысында жоғалған адам табылды

    Ақтөбе облысы «Северная Трува» кен орнынан 30 шақырым жерде, «Мамытов» шаруа қожалығының ауданында 1966 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол жылқымен мал іздеуге шығып, ұзақ уақыт байланысқа шықпаған. Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін ТЖД, ПД, ЖАО өкілдері, сондай-ақ шаруа қожалығының қызметкерлері жұмылдырылды. Іздестіру топтарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғалған адам табылды. Ол медициналық көмекке… More

  • in

    Солтүстік Каспий жобасында E-procurement электрондық сатып алу жүйесі енгізілді

    Ірі мұнай-газ жобаларында ішкі елдік құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құруды қамтамасыз ету мақсатында және отандық тауар, жұмыс және қызмет көрсетушілерді қолдау үшін Энергетика министрлігі Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Өкілетті органмен бірлесіп, Солтүстік Каспий жобасында E-procurement электрондық сатып алу жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Цифрлық жүйе тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті өнім берушілерден өтінім беру… More

  • in

    «Алатау» жедел мақсаттағы Оңтүстік базасын дамытудың бас жоспары ұсынылды

    Жоба азаматтық қорғау жүйесінің күшті жер сілкіністеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге дайындығын арттыруға бағытталған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Министр нысанның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, еліміздің басқа да сейсмикалық қауіпті өңірлерінде осындай базаларды құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. База күштер мен құралдарды үйлестіруді, авиациялық қолдауды, құтқару жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ зардап шеккендерге медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін… More

  • in

    Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды

    Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top