Төрлет, Арғымақ жыл!
Қиял шіркіннің көк дөненіне мініп, алыс-жақын тарихты есте жоқ ескі замандардан желден де жүйрік бүгінгі күнге дейін шолар болсақ аспанда Ақбозат, Көкбозаттар кісінеп, санаңда сағымға оранған сәйгүліктер жортады; тауды бұзып, тас қашаған дәуірден қалған белгі іздесең, ақтас, көктастардың бетінен таңбалы тұлпарлар қылаңдайды; қола қорытып, шойын құйған кездердегі құм басқан көне қоныстардан бабалар мұрасын аршысаң, қоладан… More








