Latest stories

  • in

    Үмітті қайта жаққан – протондық терапия

    Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, былтыр 42 мың адам «жаман ауруға» шалдыққан. Тіркелген дерттің дені – тоқішек, тікішек, өкпе, асқазан, сүт безі мен жатыр мойны ісігі. Ең қорқыныштысы, 240 мыңнан аса адам жалпы есепте тұр. Дегенмен медицинаның заманалы жетістігі күпті көңілімізді сейілтіп, өшкен үмітімізді қайта жаққандай. Жуырда Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында Протондық терапия орталығы… More

  • in

    Азықтың салмағы аз болмай тұр

    Мемлекет басшысы таяудағы Үкіметтің кеңейтілген отыры­сын­да ауыл шаруа­шылығы бағы­тындағы шикізатты терең өңдеу, азық-түлік импортына тәуелді­лікті азайтып, бағаның өсуін рет­теп, тамақ өнеркәсібін дамы­туды тапсырды. – Шикізатты терең өңдеу – ауыл шаруашылығына да қатыс­ты өте өзекті мәселе. Агроөнер­кәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жал­пы өнімді арттыру үшін қабыл­данып жатыр деуге болады…. More

  • in

    Жертөледен төрге: детективтер ренессансы

    Шынайы өмірде де, әсіресе, дамыған елдерде ізкесуші мамандар әділдікті қалпына келтіруде, шындықты ашуда үлкен рөл атқарады. Қазақстанда мұндай кәсіп иелері ресми түрде танылмады. Сондықтан Парламент пен ІІМ бұл олқылықтың орнын толтырып, заң қабылдауға, сол арқылы әділетті нығайтудың жаңа тетігін іске қосуға кірісті.  Ашық алаңдағы жасырын із Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер құ­қықтық теріс салдардан еш қауіптенбей,… More

  • in

    Орға жыққан «Ормуз бұғазы»

    Шабуыл салдарынан мұнай бағасы бір сәтте барреліне 120 долларға дейін көтеріліп, жаһандық энергетикалық жүйедегі әлсіз тұстарды айқын көрсетті. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылмауы мүмкін. Қазақстанның Ұлттық банкі сарапшыларының болжамынша, уақытша қымбаттаған мұнай бағасы кейін қайтадан төмендеп, барреліне шамамен 60 доллар маңына түсуі ықтимал. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі есебін­де айтылғандай, биылғы жылдың алғашқы айларында мұнай… More

  • in

    Астанада алғаш рет семсерлесуден әлем кубогы кезеңі өтеді

    26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) әлем кубогы кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды. Сараптама, зерттеу… More

  • in

    Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті. Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде,  Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі. Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан… More

  • in

    Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Іріктеу жарысының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалға жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов төрешілердің шешімімен 14.566 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 13.600 ұпай жинап, 11-орынға… More

  • in

    «Қанатымды қайырмаған»: Қайрат Нұртас анасына ерекше сый жасады (видео)

    Әнші Қайрат Нұртасы анасы Гүлзира Айдарбековаға ерекше сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz. Өнер иесі анасына гүл шоқтарын ұсынып жатқан сәттегі видеоны әлеуметтік желіде парақшасында жариялады. “Қадірімді биіктетіп, қанатымды қайырмаған, “Құлыным” деп уайымдаған Ана”, – деп жазды әнші.  Желі қолданушылары Қайраттың бұл әрекетіне сүйсініп жылы лебізін білдіріп жатыр. Сонымен қатар оның танымал әнші болуына анасы… More

  • in

    “15 күн қалды”: Жазира Байырбекова тойға дайындық басталғанын айтты

    Әнші Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойына дайындық жұмыстары басталғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. Өнер иесінің айтуынша, тойға 15 күн ғана қалған.  «Тойға небәрі 15 күн қалды. Енді дайындықты бастап жатырмыз. Ең қиыны – қонақтарды қалай отырғызу. Кіммен кімді қатар отырғызамын деген сұрақ көп. Тізімді жазып қойдым, бірақ бәрін дұрыс орналастырдым ба әлде өзгерту керек пе… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top