Latest stories

  • in

    Он қазақстандық боксшы Futures Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Турнир аясында он отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды. Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін),… More

  • in

    Таиландтағы жарыста сегіз қазақ боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады

    Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі жалғасуда. Жартылай финалдық бәсекелердің қорытындысы бойынша сегіз отандасымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады. Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90… More

  • in

    Украина дрондарға сүйенген жаңа тактика қолдануда – The Telegraph

    Украина Ресей әскеріне қарсы соғыста жаңа тактика қолдана бастады. The Telegraph басылымының жазуынша, украин әскері алдыңғы шепке көп әскер жіберудің орнына, дрондарға негізделген мұқият жоспарланған кампанияға көшкен. Бұл тәсілдің мақсаты – Ресейдің жеке құрам мен техниканы майданға жеткізуін қиындату. Сарапшылардың айтуынша, украин дрондары қазір нысаналарды майдан шебінен 150 шақырымға дейінгі қашықтықта жоя алады. Бұған дейін… More

  • in

    Елорданың төрінде «Астана Операның» тағы бір сахнасы пайда болды

    «Астана Операның» жаңа шығармашылық мекенжайы пайда болды. Бұл елорданың мәдени өміріндегі айтулы оқиға екені сөзсіз. Театрдың жаңа алаңы – «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» сахнасы 14 наурызда М.Фокиннің «Шопениана» және Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеттерімен ресми түрде ашылды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жаңа алаңдағы алғашқы көрсетілімдер – М.Фокиннің «Шопениана» және Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша… More

  • in

    «Жанжалға әкелуі мүмкін, бірақ шындықты айтуымыз керек»: Баян Алагөзова жаңалығын жариялады (видео)

    Продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобына қатысты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. Ол KeshYou тобының 20 жылдығына орай деректі фильм түсіріліп жатқанын айтты. “20 жыл деген екі жыл емес. Бұл KeshYou тобының үлкен өмір жолы, бай тарихы. Біздің көрсетеріміз, айтарымыз, үйретеріміз және үйренеріміз бар. Жақында деректі фильм жарыққа шығады. Бұл жанжалға әкелуі мүмкін. Бірақ шындықты… More

  • in

    Инклюзивті қоғам құру маңызды

    Алдын ала көрсетілімге Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев бастаған палата депутаттары қатысты. Жаңа туындыда кәсіби актерлермен қатар боччамен айналысатын параспортшылар да өнер көрсетеді. Бұл туындының шынайылығы мен мазмұнын арттыра түскен қадам болды. Мәулен Әшімбаев көрер­менді жаңа карти­наның жарық көруімен құттықтап, пара­спорт­шылардың өмі­ріне ар­налған «Ерекше» көркем филь­­мі елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыру үдерісіне серпін… More

  • in

    Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар ұландықтармен көрісті

    Көктемнің келуімен бірге қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптейтін игі дәстүрлердің бірі – Көрісу күні де келеді. Осы атаулы мереке аясында 5573 әскери бөлімінде ерекше тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Әскери бөлімге арнайы келген ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды қариялар сарбаздармен жүздесіп, ақ баталарын берді. Іс-шара барысында қонақтар әскери қызметшілермен жылы жүздесіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары… More

  • in

    Әлеуметтік желіде жалған онлайн дүкен ашып, азаматтарды алдап соққан күдікті ұсталды

    Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының аумағында бірқатар интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ер адам әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған интернет-дүкендер құрған. Содан кейін нарықта бағасы қымбат телефондарды арзан бағамен сату туралы хабарландыру жариялап, тауар үшін алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа… More

  • in

    Заң талаптары өзгермейді: тіркеу тәсілі жаңартылады

    Жаңартылған Әкімшілік код­екстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құ­қық­бұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылады деп көрсетілген. Мұндай жағдай­да деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интегра­ция­ланған жүйелер арқылы өң­де­летін көрінеді. Бұрын бұл тек жол-көлік саласына қатысты болатын. Яғни, бұған дейін жыл­дамдықты асыру, қызыл шамға өту секілді бұзушы­лық­тар үшін автоматты айыппұл­дар тірке­летін болса, енді айыппұл салу… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top