Latest stories

  • in

    Кредит рәсімдемес бұрын нені білу керек? Үш маңызды кеңес

    Кредит рәсімдеу кезінде тек ай сайынғы төлем мөлшеріне қарау жеткіліксіз. Қарызды қанша уақыт төлейтініңіз және банкке жалпы қанша ақша қайтаратыныңыз да маңызды. Сондықтан келісімшартқа қол қоймас бұрын кемінде үш көрсеткішті тексерген жөн. Біріншісі – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі. Банктер жарнамада номиналды пайыздық мөлшерлемені көрсетуі мүмкін. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредит құны туралы толығырақ түсінік… More

  • in

    Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

    Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Оқиға Есіл ауданындағы Ақмешіт көшесінде болды. ТЖМ мәліметінше, салынып жатқан ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтилен жанған. Оқиға орнына елордалық өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті толық сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35 қызметкер мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ More

  • in

    Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріліп, ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Рыбакина рейтингте басты қарсыласы Арина Соболенкодан 2026 ұпайға алға шықты. Осылайша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастады. Бұл жетістік Рыбакинаның биылғы маусымдағы табысты өнерінің нәтижесі болды. Қазақстандық спортшы 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, «Үлкен дулыға»… More

  • in

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Президент бала тәрбиесі, отбасы құндылықтарын сақтау және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. “Қымбатты отандастар! Отбасы күні құтты болсын! Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша… More

  • in

    «Әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайықсыз!»: Президент теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. – Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз… More

  • in

    Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде қатарынан екінші жеңісіне жетті

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. FYERS American Gambits сапында өнер көрсетіп жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухты 4:0 есебімен жеңді. Алайда қазақстандық шахматшының жеңісі командасына жалпы есепте басымдық әкелмеді. Жавохир Синдаров Магнус Карлсенге, ал Даниил… More

  • in

    «Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевтың жаттығуға қашан оралатынын айтты

    Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев халықаралық үзілістен кейін жаттығуға қайта кірісуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Бапкердің айтуынша, клуб Сәтпаевтың халықаралық үзіліс аяқталғанға дейін толық қалпына келуін күтіп отыр. Осыған байланысты 18 жастағы қазақстандық футболшы «Суонси Сити» және «Дерби Каунтиге» қарсы кездесулерді өткізіп алуы ықтимал. Сәтпаев Англия Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы матчта санының… More

  • in

    Қазақстан баскетболшылары Азия ойындарында тағы жеңілді

    Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді. С тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы бұл жолы Филиппин баскетболшыларымен кездесті. Матч 109:78 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды. Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші жеңілісі. Алғашқы кездесуде отандастарымыз Қытай құрамасына 61:99 есебімен жол берген болатын. Филиппин құрамасы да… More

  • in

    Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVIII БРИКС саммиті аясында Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Мемлекет басшысы шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Астанаға жасаған сапарының тарихи маңызын атап өтті. Оның аясында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берген маңызды құжаттарға қол қойылған еді. – Өзара ынтымақтастығымыз шын мәнінде… More

  • in

    Геннадий Головкин тағы бір халықаралық ұйымның басшысы атанды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды. Сайлау бүгін, 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өтті. Геннадий Головкин 2026-2с029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде тағайындалды. Ал ISSA президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.
Back to Top