in

«Өзгерісті «Ақ жолмен» бірге баста!» акциясы Жамбылда өтті

Жамбыл облыстық сайлауалды штабы «Өзгерісті «Ақ жолмен» бірге баста!» атты акция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Ахметжаев, штаб мүшесі, партияның Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанатының жетекшісі Қадыржан Есенов бастаған ерікті жастар Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында «Өзгерісті «Ақ жолмен» бірге баста!» атты акция ұйымдастырды.

Дәурен Хайруллаұлы саябақта сейілдеп жүрген жастарға, тұрғындарға «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарын атап өтті.