Әнші, Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева отбасындағы қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында ұлы Мансұрдың жетістігі туралы айтты. Әнші өнер жолына қадам басқан ұлына ақ жол тіледі.
Сонымен қатар Мансұр осы уақытқа дейін Димаштың жанында жүріп, әлемдік сахналарда өнер көрсеткенін атап өтті. Жас музыкант тәжірибе жинап, кәсіби музыканттармен бірге жұмыс істеген.
«Мансуртайым Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің колледжін аяқтап, бәріміз қуанып жатырмыз. Құтты болсын, ботақаным! Өз ісіңнің шебері бол! Осы күнге дейін Көкеңнің қасында жүріп әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, керемет шеберлік сабақтарынан өттің. Мықты музыканттармен бірлесе жұмыс жасадың, әлі де жасай бересің. Алғашқы туындыларыңды жаздың, бірнеше аспаптарды меңгердің . Осы бағытта саған тәрбие берген, білім берген ұстаздарыңның еңбектері өте зор. Гитараны шебер меңгерткен Әліби Юсуфұлына, Павел Александровичке, кураторың Раушан Рахембайқызына зор ризашылығымызды білдіреміз! Бақытты бол, ең бастысы, ғұмырлы бол, ботам!» – деп жазды Света Айтбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.