in

“Әйел адам қаза тапты”: Ақмола облысында жаяу келе жатқан адамды көлікпен қағып кетті

Күні кеше тұрғын үй ауласына кіреберісте қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жеңіл автокөлік иесі әйел адамды қағып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда автокөліктің автотұрақ аумағына кіріп келе жатып, жаяу келе жатқан адамды қағып кеткені көрінеді. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.