in

Ұлттық кино ұлттың рухани келбетін танытатын маңызды өнер – Аида Балаева

Құрметті киноиндустрия өкілдері! Кейінгі жылдары ұлттық кино саласында бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Бұл – сала мамандарымен бірлесіп атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет қаржысына түсірілетін туындылардың сапасы, мазмұндық тереңдігі мен жанрлық әралуандығы жыл сайын артып отыр. Мұны мемлекеттік қолдауға ұсынылатын жобаларды іріктеу конкурсының ережелерін жетілдіру, талаптарды күшейту, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарын басты назарда ұстау бағытындағы жұмыстың жемісі деп білемін. Биылғы байқау да осы ұстанымдарға басымдық бере отырып жалғасуда. Жас киногерлердің белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олардың жобалары тың идеяларымен, батыл шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, ұлттық киноның дамуына жаңа серпін беріп отыр, – деді министр.

Ұлттық кино – ұлттың рухани келбетін танытатын маңызды өнер. Сондықтан мемлекет қолдауымен жүзеге асатын әрбір жоба қазақ киносының мәдени мұрасына айналуға лайық болуы тиіс. Министрлік ұлттық киноны дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап, салаға қажетті мүмкіндіктер жасау жұмысын жалғастыра береді, барша байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Аида Балаева.