Қазақстан бойынша дауылды ескертулер «Қазгидромет» мәліметі бойынша бүгін Қазақстанда келесідей қолайсыз ауа райы күтіледі: республиканың батысы мен оңтүстігінде найзағай, нөсер жаңбыр, сондай-ақ қатты жел мен шаңды дауыл күтіледі, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман мен көктайғақ жүргізушілердің жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін, елдің оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталуда.
Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 31 наурызда–02 сәуірде күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер:
31 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 31 наурызда күндіз найзағай күтіледі.
30 наурыз – 02 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
31 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 31 наурызда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.
31 наурызда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 31 наурызда аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
31 наурызда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
31 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 31 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Петропавл қ.: 31 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
31 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: 31 наурызда тұман күтіледі.
31 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 31 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 наурызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Семей қ.: 31 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қ.: 31 наурызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15 м/с.
Түркістан қ.: 31 наурызда жоғары өрт қаупі күтіледі.
31 наурызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 31 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
31 наурызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.