in

«Қауіпті, бірақ табысы аз»: Жәнібек Әлімханұлының Ширазбен жекпе-жегіне қатысты болжам айтылды

Бұған Жәнібектің спорттық деңгейі емес, жекпе-жектің коммерциялық тартымдылығы себеп болуы ықтимал, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өткен аптада WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекітіп, тараптарға келіссөз жүргізуді тапсырған. Боксшылардың өкілдері 20 күн ішінде мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік саудаға шығарылады.

Том Гэлмнің пікірінше, Жәнібек Шираз үшін өте қауіпті қарсылас, алайда коммерциялық жағынан аса тиімді нұсқа емес.

«Әлімханұлы бизнес тұрғысынан тартымдылығы төмен жекпе-жекті білдіреді. Оның Ширазды жеңуге жететін шеберлігі де, күші де бар. Бірақ бұл тәуекелді ақтайтындай аудиториясы жеткіліксіз», – деп жазды журналист.

 

Сарапшының айтуынша, Жәнібекті жеңу Шираздың беделін арттырғанымен, жеңіліс оның болашақтағы табысты жекпе-жектеріне кері әсер етуі мүмкін.