in

“Қателікке жол берді”: Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді аяқтады

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 санаттағы турнирді екінші айналымда аяқтады. Ол әлемнің 35-ракеткасы филиппиндік Александра Эаладан ұтылып қалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші бәсекені екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде оған әлемнің 35-ракеткасы, филиппиндік Александра Эала тап келді. Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 32 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 13 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдегі жарыс жолын екінші айналым кезеңінде аяқтады.