in

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.