Қарағандыдан Маңғыстау облысына тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы рейс Маңғыстау станциясына жетіп, жергілікті жұртшылық салтанатты түрде қарсы алды.
Жол жүру уақыты шамамен 41 сағатты құрайды. Пойыз Маңғыстауға тақ күндері сағат 12:08-де келіп, кері бағытта 14:34-те жолға шығады.
Билет құны: купе — 22 123 теңге, плацкарт — 14 467 теңге.
Қазіргі уақытта пойыз құрамында сегіз вагон бар, алдағы уақытта олардың санын онға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Жаңа бағыт жолаушылар үшін сапарды жеңілдетіп қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына және өңіраралық байланыстың нығаюына ықпал етпек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.