in

Қазіргі соғыста қымбат қару емес, тиімді қорғаныс маңызды — сарапшылар

Дамушы елдер қорғаныс саласында ұлы державалардың әскери үлгісін қайталамай, өз мүмкіндіктеріне сай стратегия қалыптастыруы қажет. Бұл туралы әскери зерттеулерге арналған  жаңа талдамалық шолуда айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, көптеген мемлекеттер заманауи жойғыш ұшақтар, ірі әскери кемелер және қымбат қару-жарақ сатып алуға басымдық береді. Алайда мұндай тәсіл шектеулі бюджет жағдайында әрдайым тиімді бола бермейді.

Зерттеуде қазіргі соғыстардың сипаты өзгергені атап өтіледі. Украинадағы соғыс, дрондардың кең таралуы, радиоэлектрондық күрес құралдарының дамуы және азаматтық технологиялардың әскери мақсатта қолданылуы салыстырмалы түрде арзан жүйелердің тиімділігін көрсетті.

Мамандар Тайвань, Украина және Финляндия тәжірибесін мысалға келтіріп, қорғаныстың жаңа үлгісі қарсыластың жылдам жеңіске жетуіне жол бермеуге негізделуі тиіс екенін айтады. Бұл үшін дрондар, мобильді зымыран кешендері, байланыс жүйелерінің тұрақтылығы, дайын резерв және қоғамның төзімділігі маңызды рөл атқарады.

Авторлардың қорытындысына сәйкес, дамушы елдер үшін басты мәселе қорғанысқа қанша қаржы жұмсауда емес, қолдағы ресурсты қаншалықты тиімді пайдалана алуда жатыр.