«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұман: Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай, Павлодар қалаларында және облыстардың жекелеген аудандарында күтіледі.
Жауын-шашын және көктайғақ: Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда болжанады.
Қатты жел: Шымкент қаласында, Таразда, Ақтауда, Абай, Жетісу және басқа да өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23–28 м/с болуы мүмкін.
Дауылды ескерту сақталады:
20 қарашада Жетісу облысының оңтүстік- шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 20 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 20 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Петропавл қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
20 қарашада Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 20 қарашада түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
20 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды қ.: 20 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
20 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с.
20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда қ.: 20 қарашада к ей уақытта тұман күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 20 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады , түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
20 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 20 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
20 қарашада Атырау облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Атырау қ.: 20 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
20 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 20 қарашада тұман күтіледі.
20 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 20 қарашада тұман күтіледі.
20 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 20 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.