in

Қазақстан құрамасының келесі ойынына «Қайрат» футболшылары қатыспайды

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарымен өтетін соңғы матчқа «Қайрат» клубының ойыншылары шақырылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Спорт Шредингера телеграм арнасы хабарлайды.

«Анарбеков бүгін барын салды. “Қайраттың” барлық жігіті өте жақсы ойнады. Клуб еурокубоктарда жарысты жалғастырып жатқандықтан, Фарер аралдарына оларды шақырмай, демалыс беруді шештік. Бұл шешім басшылықпен бірге қабылданды. Темірлан, Дастан және өзге де ойыншылар үйлеріне қайтады», — деді ол.