Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Командалық жарыстың жартылай финалында қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасын 45:33 есебімен жеңді.
ҚР ҰОК мәліметінше, енді алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түседі.
Айта кетейік, бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.