in

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қа­зақ жерінде мемлекеттілікті нығайта оты­рып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының са­бақтастығын сақтап, мемлекеттің уни­тарлы сипатын, оның шекарасы мен ау­ма­ғы­ның тұтастығына қол сұғуға бол­май­тынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идея­сын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұста­нып, азаматтардың құқықтары мен бос­тандықтары мүлтіксіз сақталатынын мә­лімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық жә­не конфессияаралық татулық қағи­дат­тарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойын­дап, бейбітшілікке және барлық елмен дос­тыққа ұмтылып, келешек ұрпақ ал­дын­дағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қа­зақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.

І бөлім

Конституциялық құрылыс негіздері

1-бап

Қазақстан Республикасы – демократия­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мем­лекет. Мемлекеттің ең жоғары құн­ды­лы­ғы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары.

2-бап

1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мем­лекет. Басқару үлгісі – президенттік рес­пуб­лика.

2. Қазақстан Республикасының Егемен­дігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасының әкім­ші­лік-аумақтық құрылысы конституциялық заң­да айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының елор­да­сы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі заң­да ай­қындалады.

5. Қазақстан Республикасы мен Қазақ­стан атауларының мәні бірдей.

6. Қазақстан Республикасының Еге­мен­дігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұ­­тас­­тығы мен басқару үлгісі өзгермейді. 

3-бап

1. Қазақстан Республикасы қызметінің не­гіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуел­сіздікті қорғау; адам құқықтары мен бос­тандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстем­дігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бір­лікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арт­­тыру; жауапты әрі жасампаз отан­шыл­дық идея­сын орнықтыру; қоғамдық диа­логты да­мыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құн­дылықтарын бекіту; жоғары эко­логиялық мә­дениет қалыптастыру; тарихи-мә­дени мұра­ны сақтау; төл мәдениетті қол­дау.

2. Қазақстан Республикасы адам ка­пи­та­лын, білімді, ғылымды, инновацияны да­­мы­ту­ды мемлекет қызметінің стра­те­гия­лық ба­ғыты деп таниды. 

4-бап

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы және Егемендік иесі – Қазақстан хал­қы.

2. Халық билікті жалпыхалықтық рефе­рен­дум және еркін сайлау арқылы тікелей жүр­­гізеді, сондай-ақ өз билігін мемлекеттік ор­гандар арқылы жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасында билікті еш­­кім де иемденіп кете алмайды. Билікті ием­­деніп кету заңмен қудаланады. Халық пен мемлекет атынан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті, сондай-ақ конс­ти­ту­ция­лық өкілеттігі шегінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының Құрылтайы әрекет етеді. Қа­­зақстан Республикасының Үкіметі мен өз­­ге де мемлекеттік органдар өздеріне беріл­­ген өкілеттік шегінде мемлекет атынан әре­­кет етеді.

4. Қазақстан Республикасында мемле­кет­тік билік біртұтас және ол заң шығару­шы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес Конс­титуция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады.

5-бап

1. Қазақстан Республикасының қол­да­ныс­тағы құқығы – Конституцияның, оған сәй­кес келетін заңдардың, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық Соты мен Қа­зақстан Республикасы Жоғарғы Со­ты­ның нормативтік қаулыларының, өзге де нор­мативтік құқықтық актілердің, Қазақ­стан Республикасының халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары.

2. Конституцияның ең жоғары заңды кү­ші бар және ол Қазақстан Республика­сы­ның бүкіл аумағында тікелей қолда­ны­ла­ды. 

3. Қазақстан Республикасының аума­ғын­да халықаралық шарттарды қолдану тәр­тібі заңдарда айқындалады.

4. Барлық заңдар мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы ратификациялаған халықаралық шарт­тар жарияланады. Азаматтардың құ­қық­тарына, бостандықтары мен мін­дет­те­рі­не қатысты нормативтік құқықтық акті­лер­дің ресми жариялануы – оларды қол­­­данудың міндетті шарты. 

5. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.

Жауаптылықты белгілейтін немесе кү­шейтетін заңдардың кері күші болмайды.

Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзу­шылық үшін жауаптылықты жоятын не­месе жеңілдететін болса, жаңа заң қол­да­нылады.

6. Қазақстан Республикасының жеке­ле­ген өңірлерінің экономикасын қарқынды да­мыту мақсатында конституциялық заң­дарға сәйкес қаржы саласына қатысты ар­наулы құқықтық режим немесе «қарқынды дами­тын қала» арнаулы құқықтық режимі бел­гіленуі мүмкін. Осы арнаулы құқықтық ре­жимдер мемлекеттік басқару, сот жүйе­сінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздеуі мүмкін.

6-бап

1. Қазақстан Республикасында идео­ло­гия­лық және саяси әралуандық танылады. Мем­лекеттік органда саяси партия ұйымын құру­ға жол берілмейді.

2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заң­сыз араласуына және қоғамдық бір­лес­тік­ке мемлекеттік орган функцияларын жүк­теуге жол берілмейді. 

3. Мақсаты немесе әрекеті конс­ти­ту­ция­лық құрылыс негіздерін күштеп өзгер­ту­ге, Қазақстан Республикасының тұтас­ты­ғын және қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлт­тық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, со­ғыс­ты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араз­дықты қоздыруға бағытталған қоғам­дық бірлестік құруға және оның қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әске­ри­лендірілген жасақ құруға тыйым салынады. 

4. Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси пар­тияның қызметіне жол берілмейді, сон­дай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қа­тысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржы­лан­дыруы­на жол берілмейді. 

5. Коммерциялық емес ұйымның шет мем­лекеттен, халықаралық және шетелдік заң­ды тұлғадан, шетел азаматы мен аза­мат­тығы жоқ адамнан алатын ақша қара­жа­тының қозғалысы және активтері туралы ақ­парат Қазақстан Республикасының заң­дарына сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. 

7-бап

1. Дін мемлекеттен бөлек. 

2. Қазақстан аумағында діни ұйым­дар­дың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіз­де­рін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қо­ғ­амдық тәртіпті, азаматтардың денсау­лы­ғын және қоғамның адамгершілік бол­мы­сын қорғау мақсатында шектелуі мүм­кін.

8-бап

1. Қазақстан Республикасында мем­ле­кеттік меншік пен жеке меншік танылады және тең қорғалады. 

2. Меншікті пайдалану қоғам мен мем­лекет игілігіне қызмет етуге, қоршаған ор­таға зиян келтірмеуге, басқа тұлғалардың құ­қықтарына және заңмен қорғалатын мүд­делеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Мен­шік субъектілері мен объектілері, меншік иелері құқықтарының көлемі мен шегі, олар­ды қорғау кепілдіктері заңда айқын­да­лады. 

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсім­діктер мен жануарлар дүниесі, басқа да та­биғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық­тың атынан меншік құқығын мемлекет жү­зеге асырады. Жер заңда белгіленген не­гіз­дерде, шарттар мен шектерде жеке мен­шікте де болуы мүмкін.

9-бап 

1. Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тілі – қазақ тілі. 

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергі­лік­ті өзін-өзі басқару органдарында орыс ті­лі ресми түрде қазақ тілімен тең қол­да­нылады.

3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқы­ның тілдерін үйрену және дамыту үшін жағ­дай жасауға қолдау көрсетеді.

10-бап 

Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құр­меттейді, мүдделі мемлекеттермен бейбіт­шілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бей­біт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді.

11-бап

Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мем­ле­кет­тік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олар­дың сипаттамасы және пайдалану тәр­тібі конституциялық заңда белгіленеді.

II бөлім

Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер

12-бап

1. Қазақстан Республикасының азамат­ты­ғы заңға сәйкес беріледі және тоқта­ты­ла­ды, ол берілген негізіне қарамастан бiрың­ғай және тең.

2. Қазақстан Республикасының аза­ма­тын өз азаматтығынан айыруға, азамат­ты­ғын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға бол­май­ды. Азаматтықтан айыруға террористік қыл­мыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі.

3. Қазақстан Республикасының азама­тын­да қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының аза­мат­тығын тоқтатуға негіз болады.

13-бап

1. Қазақстан Республикасының халық­ара­лық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қа­зақстан Республикасының азаматы шет мем­лекетке берілмейді.

2. Қазақстан Республикасы өз азамат­та­рын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қор­ғауға кепiлдiк бередi.

14-бап

1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Рес­публикасында адам құқықтары мен бос­тандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды. 

3. Қазақстан Республикасы азаматының құ­қықтары мен мiндеттері бар.

4. Конституцияда, заңдарда және ха­лық­аралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пай­даланады, сондай-ақ мiндеттерді ат­қарады.

5. Құқықтар мен бостандықтарды іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға жә­не бостандықтарын шектемеуге тиiс, конс­титуциялық құрылыс негіздеріне, қо­ғам­дық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс.

15-бап

1. Әр адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар. Әр адам құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы кел­мей­тiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы.  

2. Әр адамның өз құқықтары мен бос­тан­дықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

3. Қазақстан Республикасында заңға сәй­кес біліктi заң көмегін алу құқығы та­ны­лады.

16-бап

1. Заң мен сот алдында бәрi тең.

2. Қазақстан Республикасының азама­тын, Қазақстан Республикасының аума­ғын­да тұратын немесе уақытша жүрген шет­ел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды те­гiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мү­лiк­тiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұл­ты­на, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұр­ғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге бол­май­ды.

17-бап

1. Өмір сүру құқығы – әр адамның аб­солют­ті және ажырамас құқығы.

2. Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қию­ға құқығы жоқ. 

3. Өлім жазасына тыйым салынған.

18-бап

1. Әр адамға жеке басына тиіспеу құқы­ғына және жеке бас бостандығы құқығына ке­пілдік беріледі.

2. Сот шешімінсіз адамды заңда көздел­ген мерзімнен артық ұстауға болмайды.

Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқ­сат етіледі және оған шағым жасау құ­қығы беріледі.

3. Әр адамға ұсталған сәтте бостанды-ғын шек­теу негізі мен құқықтары түсін­діріле­ді.

4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айып­талу­шының тиісінше ұсталған, күдікті ре­тінде танылған немесе айып тағылған сәт­­тен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пай­далануға құқығы бар.

19-бап

1. Заңды күшіне енген сот үкімімен адам­ды кінәлі деп танымайынша, ол жасал­ған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі емес деп саналады.

2. Ешкім өз-өзіне, жұбайына (зайы­бына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.

Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сы­рын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес. 

3. Адамды дәл сол құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауап­тылыққа қайта тартуға тыйым салынады.

20-бап

1. Адамның ар-намысы мен қадiр-қа­сиетiне тиісуге болмайды және олар заң­мен қорғалады.

2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зом­былық жасауға, басқа да қатыгездiк көр­сетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қор­лап жәбiрлеуге және жазалауға болмайды.

21-бап

1. Жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқы­ғына, цифрлық технологияларды қолдану­ды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пай­даланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.

2. Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының, оның ішінде цифрлық технологияларды қол­дану арқылы берілетін өзге де хабар­ла­малардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.

3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

22-бап

1. Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы.

2. Әр адамның ана тілі мен төл мәде­ниетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар.

23-бап

1. Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiл­дiк берiледi.

2. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады. 

3. Мемлекеттік құпияларды қоспа­ғанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заң­мен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақ­стан Республи­ка­сының мемлекеттік құ­пия­ларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады.

4. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс.

5. Цензураға тыйым салынады. 

6. Қазақстан Республикасының консти­туциялық құрылыс негіздерін күш­теп өзгертуді, аумақтық тұтастығына, Егемен­дігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіп­сіздікке нұқ­сан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алау­ыздықты, қатыгездік пен зорлық-зом­былықты наси­хат­тауға, сондай-ақ аран­дату әрекетіне және оған шақыруға жол берілмейді.

24-бап 

1. Заңда белгіленген жағдайларды қос­пағанда, Қазақстан Республикасының аума­ғында заңды түрде жүрген әр адамның ел аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғы­лықты жерін еркін таңдауға құқығы бар. 

2. Әр адамның Қазақстан Республи­ка­сынан тыс жерге шығуға құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағ­дай­да және көзделген тәртіппен жол бері­ле­ді. Қазақстан Республикасы азаматтары­ның Қазақстан Республикасына кедергiсiз оралуға құқығы бар.

25-бап 

1. Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар. 

2. Ар-ождан бостандығы құқығын пайдалану жалпыадамзат пен азамат құ­қық­тарын, мемлекет алдындағы мiндет­терді шектемеуге тиіс.

26-бап 

1.Қазақстан Республикасы азамат­тарының бiрлестік құру бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiк қызметi заңмен реттеледi. 

2.Қазақстан Республикасы Консти­туция­лық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссия­сы­ның, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси пар­тияны немесе қоғамдық-саяси қозға­лысты қол­дау­ға не сыни пікір білдіруге құқылы емес. 

27-бап 

1. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Мәжбүрлі еңбекке тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жаса­ғаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағ­дай­да, не соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 

2. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағ­дайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтiк қорғалу құқығына кепіл­дік береді. 

3. Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дау­ла­рын шешу құқығы танылады.

4. Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төлене­тін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi.

28-бап 

1. Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi. 

2. Қазақстан Республикасында өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санат­тары­на баспана заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi.

29-бап 

1. Қазақстан Республикасы азамат­тарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншiк құқығы болады. 

2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқы­ғына заңмен кепiлдік беріледі. 

3. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген айрықша жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiкті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде жол беріледі. 

4. Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi не­месе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

30-бап

1. Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады.

2. Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құ­қық­ты одағы.

3. Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.

4. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қам­қорлық жасауға мiндеттi.

31-бап 

1. Қазақстан Республикасының азама­тына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепiлдiк берiледi, сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байлан­ысты және өзге де заңды негiз бойынша әлеу­меттiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi. 

2. Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыз­дандырудың өзге де үлгілерін және қайы­рымдылық жасау қолдау табады.

32-бап 

1. Қазақстан Республикасы азамат­тарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 

2. Қазақстан Республикасының азамат­тары ақы төлемей, заңда белгiленген тәр­тіппен медициналық көмек алуға құқылы. 

3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медици­налық практикамен айналысатын тұлға­лардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

33-бап

1.Қазақстан Республикасы азамат­тарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi. 

2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар.

3 .Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

5. Діни білім беру ұйымдарын қоспа­ғанда, Қазақстан Республикасының аума­ғын­дағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.

34-бап 

1. Қазақстан Республикасының аза­мат­тары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті. 

2. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. 

3. Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауа­зымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

35-бап 

Қазақстан Республикасы азамат­тарының бейбiт жиналыс, митинг, демонс­трация өткізуге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс не­гіздерін, адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамта­масыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін.

36-бап 

1. Қазақстан Республикасы азамат­тарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемле­кеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзі жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы бар. 

2. Қазақстан Республикасы азамат­тарының мемлекеттік органдар мен жер­гiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпы­халықтық референдумға қатысуға құқығы бар. 

3.  Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбай­лас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгі­лен­ген тәр­тіппен таныған Қазақстан Респуб­ликасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ. 

4. Қазақстан Республикасы азамат­тарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметшi лауазы­мына кандидатқа қойылатын талаптар заңға сәйкес лауазымдық мiндетіне ғана қатысты болады.

37-бап 

1.  Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостан­дық­тарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. 

2.  Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

38-бап

Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi.

39-бап

1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi.

2.  Қазақстан Республикасының аза­мат­тары әскери қызметті заң­да белгiленген түрде және көзделген тәртiппен өткереді.

40-бап

Қазақстан Республикасының азамат­тары тарихи және мәдени мұраның сақ­талуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi.

41-бап 

1.  Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құры­лыс негіздерін, адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азамат­тардың денсаулығы мен қоғамның адам­гершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн. 

2.  Этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конс­ти­туциялық емес деп танылады. 

3. Азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарын саяси себептермен кез келген шектеуге жол берілмейді. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 13, 15 – 17, 20, 22, 25-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шек­телмеуге тиіс.

III бөлім

Президент

42-бап

1.  Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі ба­ғыт­тарын айқындайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті – халық пен мемлекеттік билік бір­лігінің, Конституцияның мызғы­мас­ты­ғының, Қазақстан Республикасы азамат­тарының құқықтары мен бостандық­тарының нышаны әрі кепілі.

3.   Қазақстан Республикасының Прези­денті мемлекеттік биліктің барлық тарма­ғының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс іс­те­уін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

43-бап

1.Қазақстан Республикасының Пре­зи­дентін Қазақстан Республикасының кәме­летке толған азаматтары конститу­циялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.

Конституцияға сәйкес бір адам бір рет­тен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды.

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті болып тумысынан Қазақстан Респуб­ликасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.

3. Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Қазақстан Республикасы Құрылтайының жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.

4. Дауыс беруге қатысқан сайлаушы­лардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс санын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлау­шы­лардың ең көп дауыс санын алған канди­дат сайланды деп саналады.

5.  Осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді.

44-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант ете­мін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

2. Ант беру сайлау қорытындысы жария­ланған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы де­путат­тарының, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Прези­денттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қаты­суы­мен өткізіледі. Конституцияның 51-ба­бында көзделген жағдайда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің өкілеттігін қа­был­даған тұлға Қазақстан Республи­ка­сының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе лауазымынан кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымы­нан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді. 

3. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президенті қыз­метіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағ­дайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе қыз­метінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқа, Қазақстан Респуб­ликасының барлық бұрынғы Прези­дент­терінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы болады. 

45-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес.

3. Қазақстан Республикасы Президенті­нің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшы лауазымында болуға құқылы емес.

46-бап

Қазақстан Республикасының Прези­денті:

1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды;

2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Қазақ­стан Республикасының Вице-Президентін лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды. 

Құрылтай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;

3) Қазақстан Республикасы Құрылтайы­ның кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сес­сия­сын шақырады және оның депутат­тары­ның Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси пар­тиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Ми­нистрін тағайындайды; Қазақстан Рес­пуб­ликасының Премьер-Министрін лауа­зы­мынан босатады; Премьер-Ми­нистр­дің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқын­дайды; Құрылтаймен консульта­ция­дан кейін Пре­мьер-Министр ұсынған Үкі­мет мүшеле­рін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайын­дайды; Үкі­мет мүшелерін лауазымы­нан босатады; Үкі­мет мүшелері­нің антын қа­былдайды; аса маңызды мәселелер бойын­ша Үкімет оты­рыс­тарына төрағалық етеді.

Құрылтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақ­стан Республикасының Президенті Құрыл­тайды таратады;

5) Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орта­лық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төраға­сын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құ­қықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады;

6) Қазақстан Республикасының Прези­дентіне тікелей бағынатын және есеп бере­тін мемлекеттік органдарды құрады, тара­тады және қайта құрады, олардың бас­шы­-

ларын тағайындайды және лауазымынан босатады;

7) Қазақстан Республикасының дип­лом­атиялық өкілдік басшыларын тағайын­дайды және кері шақырып алады;

8) депутаттардың жалпы санының көп­ші­лік дауысымен берілген Құрылтай келі­сімі­мен Конституциялық Соттың он судья­сын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайын­дайды; оларды лауазымынан босатады.

Құрылтай Конституциялық Сот судья­ларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Құрылтайды таратады;

9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жо­ғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;

10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;

11) адамның және Қазақстан Республи­касы азаматының құқықтары мен бостан­дық­тарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәй­кестігін қарау туралы, Қазақстан Респуб­ли­касы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді;

12) Қазақстан Республикасының аты­нан келіссөздер жүргізеді және халық­ара­лық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; Қазақстан Рес­публикасында аккредиттелген шет мемле­кеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйым басшы­лары­ның сенім және кері шақыру грамоталарын қабылдайды;

13) Қазақстан Республикасының мем­лекеттік наградаларын, құрметті атақ­тарды белгілейді;

14) Қазақстан Республикасының мем­лекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери атақ­тар­ды, сыныптық шендерді, диплома­тия­лық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;

15) Қазақстан Республикасының аза­мат­тығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді;

16)  кешірім беруді жүзеге асырады;

17) Қазақстан Республикасының Тә­уелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Респуб­ли­касының бүкіл аумағында немесе жеке­леген аймақтарында төтенше жағдай ен­гізу­ді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;

18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырт­тан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аума­ғында немесе оның жекелеген аймақта­рын­да әскери жағдай енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;

19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады;

20) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігін құрады;

21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де кон­сультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады;

22) Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

47-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Рес­пуб­ликасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. 

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының конститу­ция­лық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады.

3. Қазақстан Республикасының Прези­денті қол қойғанға дейін заңдарға Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оларға заңдардың Консти­туция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауап­тылық жүктеледі. 

Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Премьер-Министр

алдын ала қол қояды және оған актілердің Консти­ту­ция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауап­тылық жүктеледі. 

48-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­дентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиісуге болмайды. 

Мемлекетке опасыздық жасауды қос­пағанда, Президент өкілеттігін атқару бары­сындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартыл­майды.

2. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті мен оның отбасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады. 

3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-Президенттеріне де қолданылады.

49-бап

1. Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы саны­ның көпшілік дауысымен берілген Қазақ­стан Республикасы Құрылтайының келі­сімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

2. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін ла­уа­зымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

3. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес.

4. Қазақстан Республикасының Вице-Пре­зиденті:

1) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;

2) Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің атынан өкілдік етеді;

3) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің тапсырмасымен Қазақстан Рес­публикасы мен шет мемлекеттердің қоғам­дық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

4) Қазақстан Республикасының Пре­зиденті айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық Сотына өтініш беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты бұл өтінішті Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­тінің өзі және өз еркімен бергенін растайды. Қазақстан Республикасының Конс­титу­циялық Соты қорытынды берген сәт­тен бас­тап Қазақстан Республикасының Пре­зиденті өз еркімен орнынан түсуіне бай­ланысты лауазымынан босатылды деп саналады.

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті денсаулығына байланысты өз міндет­терін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Құрылтай депутаттардан және медицинаның тиісті са­ла­ларындағы мамандардан тұратын ко­мис­сия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешімді Құрылтай отырысында депутаттар­дың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен комиссияның қорытындысы және конституциялық рә­сім­дердің сақтал­ғаны туралы Консти­ту­циялық Сот қорытын­дысы негізінде қа­былдайды. 

3. Қазақстан Республикасының Прези­денті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі әре­кеті үшін мемлекетке опасыздық жаса­ған­да ғана жауапты болады және бұл үшін Құрылтай оны қызметінен кетіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу және оны тергеп-тексеру туралы бас­таманы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірі ұсынады. Бұл мәселе бойынша шешімді Құрылтай депу­таттарының жалпы санының көпшілік да­уысымен қабылдайды. Құрылтай тағылған айыпты тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оның нәтижелері Құрылтай депутат­тары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысының қарауына шыға­рылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті ше­ш­ім Жоғарғы Соттың айып тағудың не­­гізділігі туралы қо­рытындысы және Конс­­титуциялық Соттың белгіленген конс­титуциялық рәсімдердің сақ­талғаны ту­ралы қорытындысы болған жағ­дайда Құ­рылтай отырысында депутат­тардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысы­мен қабылданады. Айып та­ғылған сәттен бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қа­былданбаса, Қазақстан Респуб­ли­касының Президентіне қарсы тағылған айып қабыл­данбады деп саналады. Қазақстан Респуб­ли­касының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың кез келген сатыда қабылданбауы осы мәсе­лені қарауға бастамашы болған Құрылтай депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді.  

4. Қазақстан Республикасының Прези­дентін қызметінен кетіру туралы мәселе Құ­рылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқ­тату мәселесін қарау кезеңінде ұсыныл­майды.

51-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті өз еркімен орнынан түсуіне, денсау­лық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қыз­метінен кетірілуіне байланысты лауа­зымынан мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өтеді; Қазақстан Рес­публикасы Вице-Президентінің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің өкілеттігін қабыл­дауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Қазақстан Рес­публикасы Құрылтайы Төрағасының қа­былдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне өтеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш береді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қа­зақстан Республикасы Президентінің өкі­леттігін қабылдаудан бас тарту туралы өті­нішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті өз еркімен орнынан түсуіне, денсау­лық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауа­зымынан мерзімінен бұрын босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Құ­рыл­тайы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің сайлауын өткізу туралы жария­лайды. Сайлау Қазақстан Республикасының Құрылтайы тиісті шешім қабылдаған күн­нен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ­Қа­зақстан Республикасы Президентінің өкі­леттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізуге бас­тама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды та­ратуға құқылы емес.

IV бөлім

Құрылтай

52-бап

1. Қазақстан Республикасының Құрыл­тайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган.

2. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясы жұмысын бастаған кезде аяқ­талады. 

3. Құрылтайдың өкілеттігі Консти­туцияда көзделген жағдайда және онда белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

4. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқын­далады. 

53-бап

1. Құрылтай конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпы­ұлт­тық сайлау округінің аумағы бойынша про­порциялы өкілдік жүйесі негізінде сай­ланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады.

2. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. 

54-бап 

1. Құрылтай депутаттары жалпыға бір­дей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақыры­лымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

2. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 

3. Қазақстан Республикасының аза­маттығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан, жиырма бес жасқа толған адам Құрылтай депутаты бола алады.

4. Қазақстан Республикасы Құрыл­та­йының депутаттарын сайлау конститу­циялық заңмен реттеледі.

5. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. 

55-бап

1. Құрылтай депутаттары оның жұ­мы­сына қатысуға міндетті. Құрылтайда де­­путаттың жеке өзі дауыс береді. Депутат Құ­рылтай мен оның органдарының оты­­рыс­тарына дәлелді себепсіз үш реттен ар­тық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құ­қығын басқаға берсе, бұл заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді. 

2. Құрылтай депутаты басқа өкілді орган­ның депутаты болуға, оқытушылық, ғы­лыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кә­сіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, ком­мер­циялық ұйымның басшы органының не­месе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес. Осы талаптарды бұзу депу­тат­тың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.

3. Құрылтай депутатын қылмыс ор­нын­да немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтай­дың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданы­латын әкімшілік жазалауға не қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

4. Құрылтай депутатының өкілеттігі де­путат орнынан түскен, қайтыс болған, заң­ды күшіне енген сот шешімімен әре­кетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе ха­барсыз кеткен деп танылған және Конс­титуция мен конституциялық заңда көз­делген өзге де жағдайда тоқтатылады.

Құрылтай депутаты: 

1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен; 

2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 

3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

4) өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

5) өзін сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады. 

Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құ­рылтай таратылған жағдайда тоқта­тылады. 

5. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 2-тарма­ғының талаптарын және депутаттық этика қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депу­таттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа тиіспеу ке­пілдігінен айыруға байланысты мәселелерді дайындау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.

56-бап

Құрылтай: 

1) конституциялық заңдарды және заң­дарды қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының Прези­денті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар не­месе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Прези­дент бір ай ішінде конституциялық заңға және заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң және заң қабылданбады немесе Пре­зидент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады;

3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 

4) Қазақстан Республикасы Президен­тінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасы Президен­тінің сайлауын жариялайды;

6) жалпыхалықтық референдум таға­йындау туралы бастама көтереді;

7) Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді;

8) Қазақстан Республикасының Прези­дентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді;

9) Президенттің Қазақстан Республи­касы Конституциялық Сотының судья­ла­рын, Орталық сайлау комиссиясының, Жо­ғары аудиторлық палатасының мүше­лерін тағайындауына Құрылтай депутат­тары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді;

10) Қазақстан Республикасы Президен­тінің ұсынуы бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;

11) Қазақстан Республикасы Конститу­циялық Сотының судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айырады;

12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республи­касы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Құрылтай депутатын тиіспеу кепілдігінен айыру мәселелерін шешеді;

13) Құрылтай депутаттары жалпы саны­ның кемінде бестен бірінің бастамасымен Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;

14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заң­дылықтың жай-күйі туралы жыл сайы­нғы жолдауын тыңдайды; 

15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;

16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық па­ла­таның республикалық бюджеттің ат­қарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенім­сіздік вотумын білдіруі деп саналады;

17) Құрылтай депутаттары жалпы саны­ның кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелері­нің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының заң­дары орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үш­тен екісінің дауысымен Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш қа­былдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мү­ше­сін лауазымынан босатады;

18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді;

19) өз қызметінің регламентін және Құ­рыл­тайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртіптемесіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды;

20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады;

21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды;

22) Құрылтайға Конституцияда жүк­тел­ген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

57-бап

1. Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік да­уысымен жасырын дауыс беру арқылы сай­ланған Төраға басқарады. Құрылтай Төра­ға­сының лауазымына кандидатураны Қа­зақ­стан Республикасының Президенті ұсынады.

Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Рес­публикасының Президенті Құрылтайды таратады.

2. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері ша­қырылуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін. 

3. Құрылтай Төрағасы: 

1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді; 

2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді; 

3) Құрылтай Төрағасының орынбасар­лары лауазымына сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады; 

4) Құрылтайдың қызметінде регламент­тің сақталуын қамтамасыз етеді;

5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді; 

6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды; 

7) өзіне Құрылтай регламентімен жүкте­летін басқа да міндеттерді атқарады.

4. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады.

5. Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады. 

58-бап

1. Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі. 

2. Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауының қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.

3. Құрылтайдың кезекті сессиясы жы­лына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.

4. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақ­стан Республикасының Президенті ашады және сессия Құрылтай отырысында жа­бы­ла­ды. Құрылтай сессиялары арасындағы ке­зеңде Қазақстан Республикасының Пре­зиденті өз бастамасымен, Құрылтай Төра­ға­-

сының немесе Құрылтай депутат­та­ры жал­пы санының кемінде үштен бірінің ұсы­нысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады. 

5. Құрылтай отырыстары Құрылтай де­путаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

6. Құрылтай отырысы ашық өтеді. Рег­ла­ментте көзделген жағдайда отырыс жа­бық өткізілуі мүмкін. Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің, Қазақстан Рес­публи­касы Вице-Президентінің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурор­дың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төраға­сының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.

59-бап

1. Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалған тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады.

2. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады.

3. Комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады.

60-бап

1. Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президен­тіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобала­ры бірінші кезекте екі ай ішінде қабылда­нуға тиіс дегенді бiлдiредi.

3. Құрылтай: 

1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бос­тандықтарға, жеке және заңды тұлға­лар­дың міндеттемелері мен жауаптылығына; 

2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдасты­ру­дың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға; 

5) республикалық бюджетке, мемлекет­тік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне; 

6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне; 

7) рақымшылық мәселелеріне;

8) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 

9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге; 

10) қоршаған ортаны қорғауға;

11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына; 

12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуге;

13) Қазақстан Республикасының мем­ле­кеттік рәміздеріне;

14) халықаралық шарттарды ратифика­ция­лауға және денонсациялауға қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды рет­тей­тін, негіз құраушы қағидаттар мен нор­маларды белгілейтін заң шығаруға құқылы. 

4. Құрылтай халықтың өмірі мен денсау­лығына, конституциялық құрылысқа, қо­ғам­дық тәртіптің қорғалуына, елдің эко­номикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бас­тамасымен енгізілген заң жобаларын дереу қарауға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көз­делген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне жауапкершілікті ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мә­селелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.

5. Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.

Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады.

6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды не­месе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көз­дейтін заң жобалары Қазақстан Республ­и­касы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.

7. Үкімет енгізген заң жобасы қабылдан­баса, Премьер-Министр Құрылтай отыры­сында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мә­селесі қойылғаннан бастап қырық сегіз са­ғаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрыл­тай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа са­лынбастан қабылданды деп саналады. Алай­да Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.

61-бап 

1. Құрылтай Қазақстан Республикасы­ның бүкіл аумағында міндетті күші бар заң мен қаулы қабылдайды. 

2. Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. 

3. Конституциялық заң Қазақстан Рес­публикасының Конституциясында көз­дел­ген мәселелер бойынша Құрылтай депу­тат­тары жалпы санының кемінде үштен екі­сінің дауысымен қабылданады. 

4. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясында өзгеше көзделмесе, Құрыл­тай заңды депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.

Егер Қазақстан Республикасының Конс­титуциясында өзгеше көзделмесе, Құ­рылтай қаулысы депутаттардың жалпы са­ны­ның көпшілік дауысымен қабыл­данады. 

5. Заң жобалары бойынша кемінде үш оқылым өткізу міндетті. 

6. Заңдар, Құрылтай қаулылары Қазақ­стан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс. 

7. Қазақстан Республикасының заңна­малық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолда­нысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі.

62-бап

1. Қазақстан Республикасының Прези­денті Құрылтай Төрағасымен және Пре­мьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратады. 

2. Қазақстан Республикасының Прези­денті Құрылтай келісімімен тағайында­ла­тын лауазымға Президент ұсынған канди­датураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Құрылтайды таратады.

3. Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілет­тігінің соңғы алты айында, сондай-ақ ал­дың­ғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде не­месе Конституцияның 51-бабының 3-тар­мағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды. 

V бөлім

Үкімет

63-бап 

1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқару­шы органдар жүйесін басқарады және олар­дың қызметіне басшылық етеді. 

2. Үкімет – алқалы орган, ол өз қыз­ме­тін­де Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті мен Құрылтайдың алдында жауап­ты.

3. Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді. 

4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады. 

64-бап 

1. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. 

2. Қазақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі Қазақстан Республика­сы­ның Президентіне Премьер-Министр та­ғайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкі­меттің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді. 

3. Үкімет мүшелері Қазақстан Респуб­ликасының халқы мен Президентіне ант береді. 

65-бап 

Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономи­калық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтама­сыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйым­дастырады; 

2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсы­нады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 

3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 

4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 

5) Қазақстан Республикасының сырт­қы саясатын жүргізу шараларын әзір-­лейді; 

6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; 

7) Қазақстан Республикасының ми­нистрліктері, өзге де орталық және жер­гі­лік­ті атқарушы органдары актілерінің қол­данысын толық немесе бір бөлігінде жоя­ды не тоқтата тұрады; 

8) мемлекеттік бюджет есебінен қам­тылатын барлық орган үшін қаржылан­ды­рудың және қызметкерлерге еңбекақы тө­леудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Президентiнің келісімімен бекітеді;

9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

66-бап 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: 

1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 

2) Үкімет қаулысына қол қояды; 

3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды ше­шімдері туралы Президент пен Құрыл­тайға баяндайды;

4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функ­цияларды орындайды.

67-бап 

1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне ба­ғынысты мемлекеттік органдардың жұмы­сы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіс­пейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс. 

2. Үкімет мүшелері өкілді органның де­путаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шы­­ғар­машылық қызметтен басқа ақы тө­ленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қыз­метті жүзеге асыруға, сондай-ақ заң­намаға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттері болатын жағдайларды қоспағанда, ком­мерциялық ұйымның басқарушы органы­ның немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.

68-бап

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аума­ғында міндетті күші бар қаулы шығарады. 

2. Қазақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі Қазақстан Республика­сы­ның бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады. 

3. Үкімет қаулылары мен Премьер-Ми­нистрдің өкімдері Конституцияға, заңдар­ға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. 

69-бап 

1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Құрылтайы алдында өз өкілеттігін доғарады.

2. Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақ­стан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш беруге құқылы. 

3. Құрылтай Үкіметке сенімсіздік во­тумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш береді. 

4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қа­былдамау туралы мәселені Қазақстан Рес­публикасының Президенті он күн ішінде қарайды. 

5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқ­та­тылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 

6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің ор­нынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тап­сырады. 

7. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті өз бастамасымен Үкіметтің өкілет­тігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді ла­уазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкі­лет­тігі тоқтатылғанын білдіреді.

VI бөлім

Қазақстан Халық Кеңесі

70-бап

1. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіре­тін жоғары консультативтік орган.

2. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құра­лады. 

3. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы консти­туциялық заңда айқындалады.

71-бап

Қазақстан Халық Кеңесі:

1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары;

қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бір­лік пен ынтымақты нығайту;

Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпы­ұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;

2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;

3) жалпыхалықтық референдум таға­йындау туралы бастама көтереді.

VII бөлім

Конституциялық Сот

72-бап

1. Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық Соты – конституциялық бақы­лауды жүзеге асыратын және бүкіл ел ау­мағында Қазақстан Республикасы Конс­-

титуциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.

2. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады, олардың өкілеттігі – сегіз жыл.

Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.

3. Конституциялық Сот Төрағасын Қа­зақ­стан Республикасының Президенті таға­йындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.

Конституцияға сәйкес бір адам бір рет­тен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.

4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төр­ағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті тағайындайды.

5. Конституциялық Сот судьясының де­путат мандатын қатар алып жүруіне, оқы­тушылық, ғылыми, шығармашылық қыз­­меттен басқа ақы төленетін лауазымды ат­­қа­­руына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асы­­­руына, сондай-ақ коммерциялық ұйым­ның басқарушы органының немесе бай­қаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.

6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілет­тігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Рес­публикасы Президентінің не Құрыл­тайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күш­теп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауап­тылыққа тартуға болмайды.

7. Конституциялық Соттың ұйымдас­тырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

73-бап

1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:

1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді;

2) Президент қол қойғанға дейін Құ­рылтай қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәй­кестігін қарайды;

3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

4) халықаралық шарттарды ратифи­кациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды;

6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;

7) Конституцияның 50 және 51-бап­та­рында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.

2. Конституциялық Сот Конституция­ның 46-бабының 11) тармақшасында көз­делген жағдайда – Президенттің өтiнiш­терiн, сондай-ақ Конституцияның 79-ба­бында белгiленген жағдайда соттардың өтiнiштерiн қарайды.

3. Конституциялық Сот Қазақстан Рес­публикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конс­титуцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.

Қазақстан Республикасы азаматта­ры­ның Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда ай­қындалады.

4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшала­рын­да көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының нормативтік құқық­тық актілерінің Конституцияға сәй­кестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды.

5. Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құ­қық­тары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәй­кестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.

74-бап

1. Конституцияның 73-бабы 1-тар­мағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда Қазақстан Рес­публикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутат­тарын тіркеу не жалпыхалықтық рефе­рен­дум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады. 

2. Конституцияның 73-бабы 1-тар­мағының 2) және 4) тармақшаларында көр­сетілген мәселелер бойынша Консти­туциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратифи­кациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.

3. Конституциялық Сот өз шешімін конс­титуциялық заңда белгіленген мер­зімде шығарады.

75-бап

1. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарт­тарға қол қойылмайды не ратификация­ланбайды және олар қолданысқа енгі­зілмейді.

2. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және аза­маттың Конституцияда бекітілген құ­қық­тары мен бостандықтарына нұқсан кел­тіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.

Конституциялық Соттың түсіндірме­сінде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ере­желері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.

3. Конституциялық Сот орындалуы Конс­титуцияға сәйкес келмейді деп та­ны­ған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс.

4. Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл ау­мағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды.

VIII бөлім

Сот төрелiгi. Прокуратура. 

Құқық қорғау тетіктері

76-бап 

1. Қазақстан Республикасында сот төре­лігін сот қана жүзеге асырады. 

2. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыс­тық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер заңда көзделген жағдайда қа­тысады.  

3. Қазақстан Республикасының сотта­ры – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жер­гілікті және басқа да соттар. 

4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституция­лық заңда белгіленеді. Қандай да бір атау­мен болса да арнаулы және төтенше сот­тар­ды құруға жол берілмейді.

77-бап 

1. Сот билігі Қазақстан Республикасы­ның атынан жүзеге асырылады, оның мақ­саты – Қазақстан Республикасы азамат­та­рының және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қор­ғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қа­зақстан Республикасы халықаралық шарт­тарының орындалуын қамтамасыз ету. 

2. Сот билігі Конституцияның, заң­дар­дың, өзге де нормативтік құқықтық акті­лер­дің, Қазақстан Республикасы халық­аралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. 

3. Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.  

78-бап 

1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады. 

2. Сот төрелігін іске асырған кезде сот­тың қызметіне мүлдем араласуға бол­майды және бұл заң бойынша жауапты­лыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. 

3. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс: 

1) ешкімнің өзіне заңда көзделген сот­тылығын оның келісімінсіз өзгертуге бол­майды;

2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;

3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес; 

4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады; 

5) заңсыз тәсілмен жиналған дәлел­демелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;

6) қылмыстық заңды ұқсастығына қа­рай қолдануға жол берілмейді.

4. Конституцияда белгіленген сот тө­релігінің қағидаттары Қазақстан Респуб­ли­касының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай.

79-бап 

Соттар адамның және азаматтың Конс­титуцияда бекітілген құқықтары мен бос­тандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық акті­лерді қолдануға құқылы емес.

Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конститу­циялық Сотқа жүгінуге міндетті.

80-бап 

1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқ­татылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әке­луге, сот тәртібімен қолданылатын әкім­шілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

3. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар консти­туциялық заңда айқындалады.

4. Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шы­ғармашылық қызметтен басқа ақы төле­нетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.

81-бап

Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республи­калық бюджет қаражаты есебінен жүргі­зіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 

82-бап 

Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бо­йынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жата­тын сот істерін қарайды және сот прак­ти­касы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.

83-бап

1. Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жо­ғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.

Жоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды. 

2. Жергілікті және басқа да сот судья­ларын Қазақстан Республикасының Прези­денті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды. 

3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. 

4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құ­рамын қалыптастыру тәртібі және жұмы­сын ұйымдастыру заңда айқындалады.

84-бап 

1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақ­стан Республикасының аумағында заң­дылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының про­куратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді. 

3. Бас Прокурорды Қазақстан Рес­публикасының Президенті тағайындайды. Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл. 

Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.

4. Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жаса­ғанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Рес­публикасы Президентінің келісімінсіз ұс­тауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жаза­лауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

5. Прокуратураның құзыреті, қыз­ме­тінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конс­титуциялық заңда айқындалады. 

85-бап

1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бос­тандықтарын қалпына келтіруге жәрдем­деседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.

2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.

4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолда­ны­ла­тын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

5. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдас­тыру конституциялық заңда айқындалады.

86-бап

1. Қазақстан Республикасындағы адво­катура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң кө­мегін алу құқығын іске асыруға жәрдем­десуді көздейді. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.

2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады. 

IX бөлім

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

87-бап

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.

88-бап

1. Жергілікті өкілді органдар – мәсли­хаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жал­пымемлекеттік мүдделерді ескере оты­рып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

2. Мәслихаттарды халық жалпыға бір­дей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жа­сы­рын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Респуб­ликасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.

4. Мәслихаттардың қарауына: 

1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарла­маларын, жергілікті бюджетті және олар­дың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 

2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 

3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқы­зылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау; 

4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олар­дың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 

5) Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүд­делерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.    

5. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін, сондай-ақ мәсли­хат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылда­ған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатады.

6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйым­дастырылу және қызмет тәртібі, депутаттар­дың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді.

89-бап

1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақ­стан Республикасы атқарушы органдары­ның біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қа­жет­тілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына:

1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарла­маларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдық меншікті басқару; 

3) жергілікті атқарушы орган басшы­ларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 

4) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнама­сы­мен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жер­гілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.

3. Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бас­қа­рады, ол Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.

4. Астана, облыс, республикалық ма­ңы­зы бар қала әкімдерін Қазақстан Республи­касының Президенті облыс аумағындағы мәслихат депутаттарының немесе тиісінше астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Прези­ден­ті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қа­тысқан мәслихат депутаттарының көпшілік дауыс санын алған кандидат келісім алды деп саналады. 

Өзге әкімшілік-аумақтық бірлік әкім­дері заңда айқындалатын тәртіппен та­ғайын­далады немесе сайланады, сондай-ақ лауа­зы­мынан босатылады. Қазақстан Рес­публи­касының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерін лауазымынан босатуға құқылы.

5. Мәслихат депутаттарының жалпы са­нының кемінде бестен бірінің бастама­сымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы са­ны­ның көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, респу­б­ликалық маңызы бар қала әкімдеріне қа­тысты Қазақстан Республикасы Президен­тінің алдына не өзге де әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдеріне қатысты жоғары тұрған әкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскенде тоқтатылады. 

6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді.

90-бап

1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәсе­лелер бойынша – шешім, әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкім­шілік-аумақтық бірлік аумағында орын­далуға міндетті. 

2. Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғай­туды көздейтін мәслихат шешімінің жоба­лары әкімнің оң қорытындысы болғанда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. 

3. Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясы мен заңнамасына сәйкес кел­мейтін мәслихат шешімінің күші сот тәрті­бімен жойылуы мүмкін. 

4. Әкімдердің шешімдері мен өкім­дерінің күшін тиісінше Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін.

91-бап

1. Қазақстан Республикасында жергі­лікті маңызы бар мәселелерді тұрғын ха­лықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар бе­рілуі мүмкін.

3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі бас­қаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі. 

4. Жергілікті өзін-өзі басқару орган­дарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттік шегінде кепілдік беріледі. 

X бөлім

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

92-бап

1. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бас­тамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі. 

2. Жалпыхалықтық референдумға қа­тысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық рефе­рендум өткізілді деп саналады.  

3. Астананың, облыстардың, республи­калық маңызы бар қалалардың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қа­зақстан Республикасы азаматтарының жар­тысынан астамы жалпыхалықтық ре­фе­­рендумға шығарылған Конституцияға өз­ге­рістер мен толықтыруларды жақтап да­уыс берсе, олар қабылданды деп саналады. 

93-бап 

Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толықтыру­лардың Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 2-бабы 6-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәй­кестігі туралы Конституциялық Сот қоры­тындысы болған жағдайда олар жалпы­халықтық референдумға шығарылады.

XI бөлім

Қорытынды және өтпелі ережелер

94-бап

1. Республикалық референдумда қабыл­данған Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұған дейін қа­былданған Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының күші жойылады.

2. Республикалық референдумда Конс­титуция қабылданған күн мемлекеттік ме­реке – Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясы күні деп жарияланады. 

95-бап

1. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.   

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына сәйкес келтіру үшін қажетті шаралар қабылдайды.

3. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы күшіне енген кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конс­титуциялық Кеңестің және Конститу­ция­лық Соттың нормативтік қаулылары Қа­зақстан Республикасының Консти­ту­ция­сына қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды.