in

«Ішім алай-дүлей…»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтпен ажырасуына қатысты пікір білдірді

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова журналист, тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Тележүргізуші Мөлдір Мұқановадан әлеуметтік желіде таралған жылап отырған видеосына қатысты сұрақ қойды.

«Ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой. Барлығымыз пенде, адамбыз. Барлығымыз бірдей жаратылғанбыз. Менің өмірде күліп, жарқырап жүргенімнің барлығы ішімдегі дүниемен толықтай сай келмейді. Қазір кез келген сұраққа жауап бере аламын. Бәрін қабылдадым. Солай өмір сүру жеңіл екеніне енді ғана көзім жетті. Бұл – өмір. Өмір болғаннан кейін “Мен ерекше жаратылғанмын, менде ғана бәрі мінсіз болады” деген ой ешкімде болмауы керек. Кешегі жылап қалған сәтім туралы сұрақ қойдың ғой. Кинода сондай сюжет болады. Кинода түсірілім уақытында ішім алай-дүлей болып жатыр… Бірақ толықтай көз жасым шықпады. Қолымнан келгенше жеткізіп көрдім. Актриса емеспін. Ол – кино біткеннен кейінгі көрініс. Сол сәтті құрбым түсіріп алған”, – дейді Мөлдір Мұқанова. 

Ол “Ресми түрде ажырастыңыздар ма?” деген сұраққа да жауап берді.

“Мен бұл сұраққа жауап бермеймін деп шештім. Бәрі жақсы. Еш алаңдамаңыздар. Бізде бәрі жақсы”,- деді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.