in

Щучинскіде 9-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Ақмола облысының Щучинск қаласында түн ортасында адам сенгісіз оқиға болды. Қаланың 33 жастағы тұрғыны көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Таңғаларлығы сол, биіктен құлаған азамат ауыр жарақаттан аман қалып, тек омыртқа тұсынан соққы алып, аман қалған. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай құлаудың нақты салдары уақыт өте келе белгілі болмақ.

Оқиғаның қалай және қандай жағдайда болғаны әзірге белгісіз. Ер адамның неліктен тоғызыншы қабаттан құлағанын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша оқиға тіркелгенін растады.

– Факт тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы