Белгілі продюсер, композитордың досы Қалдыбек Құрманәлі Шәмші Қалдаяқов туралы естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, қазақ вальсінің королі еш жерде ресми жұмыс істемеген.
«Шәмшінің еңбек кітапшасы болмады деуге болады. Ол бар өмірін әнге арнады. Тіршілігін де тек шығармашылығынан түскен қаламақы арқылы жалғастырды», – дейді Қалдыбек Құрманәлі.
Ол Шәмшінің өнерге деген адалдығын ерекше атап өтіп, композитордың шығармалары қазақ халқының мәңгілік рухани қазынасына айналғанын айтты.