Шiлде айында күннiң жарық уақыты қысқара бастайды, маусымға қарағанда шілдеде күн көкжиектен көп төмендеп, ауаның орташа айлық температурасы жоғарылайды және жылдағы өзiнiң ең жоғары мәнiне жетедi, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстiк пен шығыста ол +18+23оС, Шығыс Қазақстан облысының тауларында +14+16оС, республиканың оңтүстiгiне қарай жоғарылай отырып, қиыр оңтүстiкте +28+30оС-қа жетедi. Ауаның орташа тәуліктік температурасы +20+25°С-тан асатын бір айдағы тәулік саны Қазақстанның солтүстік облыстарында 15-20 тәулікті, оңтүстік облыстардың жазық бөлігінде 25-30 тәулік құрайды. Шiлдеге ауаның орташа тәулiктiк температурасының көп тербелiсте ауытқуы тән: республиканың оңтүстiк бөлiгiнде +16+19оС, Қазақстанның солтүстiгiнде және оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысының тау бөктерлi аудандарында +12+15оС, тек тауларда ғана +10оС-тан аздау болады.
Шiлдеде абсолюттiк максимум солтүстiк және шығыс облыстарда +42+43оС, батыс, орталық, оңтүстiк-шығыста +47+48оС, оңтүстiкте +49+50оС-қа жетедi. Абсолюттiк максимумның қайталануы солтүстiк пен шығыста 10 жылда 2 рет, оңтүстiк облыстарда 10 жылда 7-8 рет болады, ал қиыр оңтүстiкте мұндай ыстық жыл сайын байқалуы мүмкiн. Шiлдеде ыстық ауа райымен қатар Қазақстанның солтүстiгi мен шығысында түнде 0,+5 оС және қалған жерлерде +7+12оС дейiн бiршама суынуы да мүмкiн.
Шiлдеде үсiк өте сирек кездеседі, дегенмен кей жылдары Солтүстiк Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының кейбiр стансаларында -1-4 оС-қа дейiн төмендейді. Шiлдеде Қазақстанның солтүстiк жартысында жауын-шашынның жылдық максимумы байқалады. Батыс облыстарда ол маусымда болып өтедi, ал оңтүстiк облыстарға керiсiнше, жауын-шашын мөлшерiнiң одан ары азаюы тән. Жауын-шашынның ең көп айлық мөлшерi республиканың солтүстiгiнде 45-83 мм, шығыстың таулы және тау бөктерлi аудандарында 86-182 мм, солтүстiктен оңтүстiкке қарай жауын-шашынның мөлшерi азайып, оңтүстiк-шығыстың тау бөктерлi және таулы аудандарын қоспағанда жауын-шашынның мөлшерi 26-54 мм, ал таулы аудандарда 60-160 мм, кей кездерде 250 мм-ге дейін және одан да көп, республиканың оңтүстiк бөлiгiнде 1-12 мм ғана, кей жерлерде 14-24 мм болады. Шiлдеде жаңбыр нөсер түрiнде жауады, кейде бiр тәулiкте айлық мөлшерi және одан да көп жаууы мүмкiн. Шiлдеде жаңбырлы күндердiң саны солтүстiк облыстарда және шығыс пен оңтүстiк-шығыстағы таулы аудандарда 8-15, кей жылдары 18-23, тауларда 20-26, шөлдi аудандарда 1-4, ал тым ылғалды жылдары 5-7 тәулік болады. Қуаңшылық (жауын-шашынның айлық мөлшерi нормадан 30% аз) солтүстiк облыстарда орта есеппен 10 жылда 1 рет, шөл аумақтарда жиiрек 10 жылда 4-6 рет болып тұрады. 6 шілдеде найзағай жиi шығыс және оңтүстiк-шығыстағы таулы аудандарда 8-12 тәулік, солтүстiк облыстарда 6-8 тәулік, батыс облыстарда 5-6 тәулік, шөлдi аудандарда айына 1-2 тәулік болады. Бұршақтың жаууы сирек құбылыс, барлық жерде болмайды. Бұршақ көбiнесе оңтүстiк-шығыстағы таулы аудандарда 10 жылда 6-9 рет, Iле Алатауының солтүстiк беткейлерiнде жыл бойы айына 1-3 рет жауады.
Шілде айында ауаның орташа айлық температурасы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстік жартысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде нормадан 1° жоғары күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.